EasyManua.ls Logo

Samsung UE40F8000A - Page 77

Samsung UE40F8000A
97 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Казақ - 5
Казақ
Негізгі функциялары
Smart Touch Control пультін пайдалану
Сенсорлық тақта
Бейнебеттегі кезелімді жылжыту
үшін оны Сенсорлық тақта үстімен
жылжыту керек.
Орындау, қосу немесе бөлектелген
элементті таңдау үшін Сенсорлық
тақтаны басыңыз.
Бейнебетке Арналар тізімі-н шығару
үшін сенсорлық тақтаны басып ұстап
тұрыңыз.
VOICE
˜
Нұсқау мәтінін дауыстап айту арқылы
енгізіңіз.
Дауысты тану пәрмендерін беру үшін MIC (микрофон) пайдалануға болады. VOICE
˜
түймешігін бассаңыз болды.
Дауысты тану функциясына нұсқаудың нақты айтылмауы, дыбыс деңгейі немесе қоршаған ортаның шуылы әсер етуі мүмкін.
Виртуальды қашықтан басқару құралын
бейнебетке шығарады. Эл. нұсқаулық
тарауын, ТД-ды басқару > Виртуальды
қашықтан басқару функциясын
пайдалану.
MORE түймешігін басып ұстап тұру
арқылы, қажетті функцияны (мысалы,
MENU (
m
), TOOLS (
T
), INFO (
`
), т.с.с.)
оңай таңдаңыз.
Арналарды ауыстырады.
Әр сандық арнаның бағдарлама кестесін,
соның ішінде шоу-бағдарламаларды да
қараңыз. Сондай-ақ, кейін көрсетілетін
бағдарлама жазбасын басу үшін Қарауды
жоспарлау немесе Жазуды жоспарлау
функциясын орнатыңыз.
ТД-ға қосылған жерсерік немесе кабель
қорапшасын қосыңыз және сөндіріңіз. Ол
үшін Smart Touch Control пультін әмбебап
қашықтан басқару пульті ретінде теңшеу
керек.
ТД-ды қосуға және сөндіруге арналған.
Қолжетімді видео сигнал көздерін
бейнелеуге және таңдауға арналған.
Дыбысты реттейді.
Дыбысты уақытша өшіре
тұрады.
Аудио сипаттамасы
және Субтитр параметрін
таңдау үшін осы
түймешікті басып ұстап
тұрыңыз. (Елге немесе
аймаққа байланысты.)
Алдыңғы мәзірге қайтуға арналған.
Ағымдық жұмыс істеп тұрған
бағдарламалардың барлығынан шығу
үшін осы түймешікті басып ұстап тұрыңыз.
Smart Hub бағдарламаларын көрсетеді. Эл.
нұсқаулық тарауын, Smart TV функциялары
> Smart Hub бөлімін қараңыз.
Орындалып тұрған бағдарламадан
оңай шығу үшін
түймешігін басыңыз.
Осы түймешікті Журнал және Іздеу
функцияларының арасында ауыстырады.
ТД-ға қосу
ТД-ды Smart Touch Control құралымен басқару үшін, әуелі оны ТД-мен блютус арқылы жұптастыру керек. Дегенмен, Smart Touch Control тек
жұптастырылған Samsung ТД-да ғана жұмыс істейді.
Smart Touch Control құралын 6мен аз қашықтықтан пайдалануды ұсынамыз. Пайдалану қашықтығы қоршаған ортадағы сымсыз
байланыстың жағдайына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
1. ТД сөніп тұрғанда, алғаш рет жұптастыру үшін Smart Touch Control пультін ТД-дың қашықтан басқару сигналын қабылдағышқа бағыттап, ТД-
дың түймешігін басыңыз. Тек осы түймешік ғана IR сигналын жібереді. Қашықтан басқару ресиверінің орналасатын орны үлгіге байланысты әр
түрлі болуы мүмкін.
2. Экранның астыңғы сол жағында блютус белгісі төменде көрсетілгендей пайда болады. Содан кейін ТД Smart Touch Control құралына
автоматты түрде қосылуға әрекет жасайды.
<Қосылуға әрекет ету және аяқтау белгілері>
Smart Touch Control пультін қайта жалғау
<Smart Touch Control жұптастыру түймешігі >
Егер Smart Touch Control жұмыс істеуін тоқтатса немесе дұрыс жұмыс істемесе, батареясын ауыстырыңыз, себебі
батареяның қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер ақау түзелмесе, ТД-мен жұптастыруды қалпына келтіру үшін Smart Touch
Control құралының PAIRING түймешігін басыңыз. Smart Touch Control батареясының қақпағын алмай, PAIRING түймешігіне
қол жеткізу мүмкін емес. 30см-ден 4м-ге дейін қашықтықта тұрып, Smart Touch Control құралын ТД ресиверіне багыттап,
PAIRING. Жұптастыру үдерісі аяқталғанда, ТД экранының астыңғы сол жағында жұптастыру белгісі көрсетіледі.
Түрлі-түсті түймешіктер ТД-дың ағымдық
орындап тұрған функциясына байланысты
әр түрлі жұмыс істейді.
ТД қарап отырып, ағымдық бағдарламаға
қатысты ақпаратты қарау үшін
{
түймешігін басыңыз.
[UF8000-RU]BN68-04794P-06L04.indb 5 2014-01-15  10:44:14

Table of Contents

Other manuals for Samsung UE40F8000A

Related product manuals