EasyManua.ls Logo

Stihl MH 445 - Page 477

Stihl MH 445
486 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
475
AZKK
0478 403 9802 B - KK
3 Қозғауыш кішкентай кетпенді жүк
тиеу алаңында тасымалдау:
Қозғауыш кішкентай кетпенді тек тік
күйде тасымалдауға арналған
доңғалақтармен жəне қопсытатын
жұлдызшалармен тасымалдаңыз.
Құрылғыны ешқашан бүйірімен
қоймаңыз.
Тұрақты болуы үшін тасымалдауға
арналған доңғалақтарды шығарыңыз
(Ö 11.4) жəне қопсытатын
жұлдызшаларды орнатыңыз (Ö 7.7),
(Ö 7.8).
Қозғауыш кішкентай кетпеннің
жылжуын болдырмау үшін оны
арқандардың немесе белдіктердің
көмегімен жүк тиеу алаңына бекітіңіз.
Бекіту нүктелері:
Тасымалдауға арналған
доңғалақтардың білігі (3) жəне
қопсытатын жұлдызшалардың
білігі (4).
Қаптама, құрылғы жəне керек-
жарақтар кəдеге
жаратылатын
материалдардан өндіріліп,
тиісті тұрпатта кəдеге
жаратылуы қажет.
Материалдың қалдықтарын бөлшектеп,
экологиялық рұқсат етілген түрде
пайдаға асырғанның арқасында, осы
үшін жарамды қалдықтарды екінші рет
қолдану мүмкін болады. Осы себеппен,
əдеттегі қызмет ету мерзімі өткеннен
кейін, құрал, өңделгеннен кейін қайтара
қолданыла алатын қалдықтардың
жиналатын орнына жіберіледі.
14.1 Пайдаға асыру
Ескі майды (мотор майы, трансмиссия
майы) жəне жағармайды кəсіби түрде
жоюды орындаңыз.
Жоюдан бұрын қозғалтқышты жұмыс
істемейтін күйге келтіріңіз. Бұл үшін
оталдыру кабелін ажыратып, бактегі
жағармайды жəне мотор майын төгіңіз.
Қопсытқыш жұлдызшалармен
жарақаттану қаупі бар!
Жарамсыз болып қалған бақша
мотокультиваторын да ешқашан
қараусыз қалдырмаңыз. Құрылғы мен
қопсытқыш жұлдызшалар балалардың
қолы жетпейтін жерде екеніне көз
жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Бензинді қозғауыш кішкентай
кетпендер (STIHL MH)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұсқат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
пайда болған кез келген материалдық
залал немесе жарақаттану үшін STIHL
компаниясы жауапкершілік тартпайды.
STIHL құрылғысының зақымдарын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін міндетті түрде мына
маңызды нұсқауларды орындаңыз:
1. Тозатын бөлшектер
STIHL құрылғысының кейбір бөлшектері
мақсатына сай пайдаланылған кезде де
қалыпты тозуға тап болады жəне
оларды пайдалану түрі мен ұзақтығына
қарай уақыт өте келе ауыстыру керек.
Оларға мыналар жатады :
Сына тəрізді қайыстар
Қопсытқыш жұлдызша
Тежегіш тірегі
2. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарын орындау
STIHL құрылғысын пайдалану, сақтау
жəне оған техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
STIHL компаниясы мақұлдамаған
өндірістік материалдардың
пайдаланылуы (майлағыш
материалдар, бензин жəне мотор
майы, іштен жанатын қозғалтқыштың
пайдалану жөніндегі нұсқаулығын
қараңыз).
өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу.
STIHL қамтамасыз етпеген аспа
бөлшектерді, аспа құрылғыларды
немесе кескіш құралдарды
пайдалану.
өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
14. Қоршаған ортаны
қорғау
15. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау

Table of Contents

Related product manuals