EasyManua.ls Logo

Stihl RM 443.1 T - Page 313

Stihl RM 443.1 T
472 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Айналмалы пышақ пайдаланушының
денесін кесіп кетуі мүмкін. Пайдаланушы
ауыр жарақат алуы мүмкін.
Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
Егер пышақ бөтен затпен
бұғатталып қалса: Қозғалтқышты
өшіріңіз. Содан кейін ғана бөтен
затты алып тастаңыз.
Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
Егер жұмыс кезінде көгалшапқыштың
сипаты өзгерсе немесе жұмысы әдеттегіден
өзгеше болса, көгалшапқыш қауіп төндіруі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
Жұмысты аяқтаңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
Қорғаныш қолғап киіңіз.
Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
Егер қансырау белгілері пайда болса:
Дәрігерге жүгініңіз.
Шабыс ауданын қадағалаңыз және
бөгеттерге назар аударыңыз. Егер жұмыс
барысында пышақ бөгде затқа тисе, пышақ
немесе оның бөліктері жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
Тастар, таяқтар, сымдар,
ойыншықтар немесе басқа заттар
сияқты бөгде заттарды жұмыс
аймағынан шығарыңыз. Шығару
мүмкін болмайтын жасырын
заттарды белгілеп қойыңыз.
Шабуға арналған қосқыш тұтқа босатылған
кезде де, пышақ біраз уақыт айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
Шөп жинағышты пышақ
айналмағанда ғана ажыратыңыз.
Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
Көгалшапқыштың тұтқасын тек тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, қосымша салмақтың
әсерінен көгалшапқыш аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
Бас тұтқаға ешқандай заттарды
бекітпеңіз.
Қауіп
Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
Күн күркіреген кезде: Жұмыс істемеңіз.
Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр немесе қазалы жарақат
алуы мүмкін.
Жаңбыр жауғанда: Жұмыс істемеңіз.
4.9 Тасымалдау
Сақтандыру
Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылуы немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері қазақ
0478-111-9951-B 313

Table of Contents

Related product manuals