EasyManua.ls Logo

TEFAL INDUCTION HEATING SPHERICAL MULTICOOKER - Page 100

TEFAL INDUCTION HEATING SPHERICAL MULTICOOKER
107 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
103
KK
COTTAGE CHEESE (ҮЙ ІРІМШІГІ) ФУНКЦИЯСЫ
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Cottage Cheese" (Үй ірімшігі)
функциясын таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп,
"Start" (Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды.
• "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен уақытты
орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен пісіру
уақытын өзгертіңіз.
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Cottage Cheese"
(Үй ірімшігі) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да, экранда
қалған уақыт көрсетіледі.
• Тамақ піскенде, зуммер үш рет "бип" деген сигнал береді.
Ескертпе: Бұл функцияда жылуды сақтау функциясы істемейді.
BREAD RISING (НАН АШЫТУ) ФУНКЦИЯСЫ
• Бұл функцияда иленген қамыр пісіру алдында 40°C
температурасында ашытылады.
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Bread rising" (Нан ашыту)
функциясын таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп,
"Start" (Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды.
• "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен уақытты
орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен пісіру
уақытын өзгертіңіз.
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультиәзірлегіш "Bread rising"
(Нан ашыту) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да, экранда
қалған уақыт көрсетіледі.
Нан ашыту бойынша берілген кеңестер
• Қамырды бөлек дайындау үшін оны ішкі тостағанға салып,
қақпақты жабыңыз да, "Bread rising" (Нан ашыту) функциясын
таңдаңыз.
• Қамыр дайын болғанда, "Baking" (Нан пісіру) функциясын,
160°C температурасын таңдап 20-23 минут пісіріңіз. Содан
кейін аударып, тағы 23 минуттай пісіріңіз (мөлшеріне қарай).

Related product manuals