88
• Мына жағдайларда құрылғыны әрқашан
розеткадан ажыратыңыз:
– пайдаланудан кейін бірден
– жылжытқанда
– кез келген тазалау немесе техникалық
қызмет көрсету алдында
– дұрыс жұмыс істемесе
• Құрылғының ыстық бетіне, ыстық суға, буға
немесе тамаққа тию күйіктерге әкелуі мүмкін.
• Әзірлеу кезінде құрылғы жылу және бу бөледі.
Бет пен қолдарды аулақ ұстаңыз.
• Бетті және қолдарды бу шығатын жерге
жақындатпаңыз. Бу шығатын жерді жаппаңыз.
• Кез келген мәселелер немесе сұраулар болса,
тұтынушылармен қарым-қатынастар тобына
хабарласыңыз немесе веб-сайтты қараңыз.
• Құрылғыны 4000 м-ге дейінгі биіктікте
пайдалануға болады.
• Қауіпсіздік үшін бұл құрылғы өндіру кезінде күшінде болған
қауіпсіздік ережелерінің және директиваларының талаптарына
сай (төмен кернеу туралы директива, электрманиттік үйлесімділік,
тамаққа тиетін материалдар туралы ережелер, қоршаған орта…).
• Қуат көзінің кернеуі құрылғыда көрсетілгенге сай екенін тексеріңіз
(айнымалы тоқ).
• Әр түрлі стандарттар қолданылатындықтан, құрылғы сатып алынған
елден басқа елде пайдаланылса, бекітілген сервистік орталықта
тексертіңіз.