61
КҮРІШ/ЖАРМА ФУНКЦИЯСЫ
• Жинақтағы өлшейтін стақанның көмегімен өлшеп, күріштің
қажетті мөлшерін тостағанға салыңыз (8-сурет). Содан кейін
тостағанның ішіндегі тиісті стақан белгісіне дейін су толтырыңыз
(9-сурет).
• Қақпағын жабыңыз.
Ескертпе: Күрішті бірінші салу керек, әйтпесе су көп болып
кетеді.
"Menu" (Мәзір) түймесімен "Rice/Cereal" (Күріш/Жарма)
функциясын таңдаңыз. Экранда " " көрсетіліп, "Start" (Қосу)
шамы жыпылықтайды, сонда "Start" (Қосу) түймесін басыңыз.
Мультипісіргіш "Rice/Cereal" (Күріш/Жарма) күйіне өтіп, "Start"
(Қосу) шамы жанады да, экранда " -- " жыпылықтайды.
• Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
ПАЛАУ/РИЗОТТО ФУНКЦИЯСЫ
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Pilaf/Risotto" (Палау/Ризотто)
функциясын таңдаңыз. Экранда " " көрсетіліп, "Start" (Қосу)
шамы жыпылықтайды, сонда "Start" (Қосу) түймесін басыңыз.
Мультипісіргіш "Pilaf/Risotto" (Палау/Ризотто) күйіне өтіп, "Start"