27
• Желі бауының күйін қадағалаңыз, оның көп рет
бұратылуына жол бермеңіз, мезігілімен машинканы
сөнідіріп отырыңыз және желі бауын түзетіңіз.
• Адамды оның басы сіздің көзіңіздің деңгейінде
болатындай етіп отырғыңыз, адамның иықтарын
сүлгімен жабыңыз, тарақпен шашты тараңыз.
Еске салу
– Бір өткенде шамалы шашты ғана қырқыңыз —
қажет болған кезде оларды қосымша қырқу үшін
қырқылған бөлікке әрқашан қайта оралуға болады.
– Шашты қырқудың ең жақсы нәтижесіне дымқыл
емес, құрғақ шашпен жұмыс істегенде қол
жеткізуге болады.
– Тегіс емес бұрымдарды анықтау үшін шашты
тарақпен тараңыз.
– Шаш қырқудың алғашқысында ұзынырақ шаш
қалдырған дұрыс.
– Машинканы игерген сайын, сіз өз бетіңізбен
қажетті шаш үлгілерін модельдей аласыз.
Қондырма-тарақтар
Қырқатын шаштың биіктігі пайдаланылатын қондырмаға
байланысты болады:
– қондырма-тарақ (5): шаштың биіктігі 4-6 мм;
– қондырма-тарақ (6): шаштың биіктігі 7-9 мм;
– қондырма-тарақ (7): шаштың биіктігі 10-12 мм;
– қондырма-тарақ (8): шаштың биіктігі 16-18 мм;
– қондырма-тарақ (9): шаштың биіктігі 22-24 мм;
– қондырма-тарақ (10): шаштың биіктігі 28-30 мм.
Таңдалған қондырма-тарақты жүзге тістерін жоғары
қаратып орнатыңыз және қондырманың төменгі
жағындағы шығыңқыға ол бекітілгенге дейін басыңыз.
Шашты қырқуды бастау алдында қондырма өз
отырғызатын орнына бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Қондырма-тарақты шешіп алу үшін бекіткішке басыңыз
және қондырманы шешіп алыңыз.
Бірінші қадам
Тарақ-қондырманы (5) немесе (6) (сур. 1) орнатыңыз.
Сөндіргішті (4) жоғарғы күйіне белгілеп, машинаны
қосыңыз. Машинаны жүздері (1) жоғары бағыттала-
тындай етіп ұстаңыз. Қиюды шаштың өсіп келе жатқан
жағынан бастаңыз. Машинаны баяу жоғары бағытқа
қарай жылжытыңыз. Бастың артқы жағының астындағы
және құлақтың маңындағы шашты қиыңыз.