31
•
Құрылғының ауа кіретін және шығатын
саңылауларын бітеп жабуға тыйым салынады.
•
Егер құрылғының саңылауларының біреуі
бітелген болса, онда оны қосуға тыйым салы-
нады.
•
Шашыңыз, киіміңіздің жңіл салбырап тұрған
элементтері, саусақтарыңыз немесе денеңіздің
басқа да бөлшектері шаңсорғыштың сора-
тын саңылауы мен айналып тұратын турбо-
шөткесінің жанында болмауын қадағалаңыз.
•
Үнемі: - алдымен шаңсорғышты қосу/өшіру
түймесімен ажыратыңыз, содан кейін ғана
желі ашасын розеткадан суырыңыз.
•
Жиналмалы ыдысты шешудің алдында
шаңсорғышты өшіріңіз.
•
Баспалдақ алаңдарын жинаған кезде ерекше
мұқият болыңыз.
•
Шаңсорғышты бензин, еріткіштер сияқты
жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды жинауға
пайдалануға тыйым салынады, сонымен
қатар шаңсорғышты осындай сұйықтықтарды
сақтайтын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады.
•
Шаңсорғышты келесілерді жинау үшін
пайдалануға болмайды:
– жалыны бар темекіні, жанған заттарды,
сіріңкені немесе жалыны бар күлді;
– ұшатын немесе жанатын сұйықтықтарды,
мысалы, бензин ж.с.с;
– уландыратын заттарды, мысалы, аммиак
негізіндегі хлорлы ағартқыштарды, тазалай-
тын заттарды, кәріз тазалайтын құралдарды
ж.с.с.;
– қатты немесе үшкір заттарды, мысалы,
әйнектің сынықтары, ине, тиын, шеге,
бұранда, ілгіштер ж.с.с.;
– ұнның, сылақтың, цементтің және басқа
құрылыс материалдарының қалдықтары;
– соратын тесіктерді оңай бұғаттауы мүмкін
қағаздың немесе пластик қаптардың үлкен
кесіктері;
•
Шаңсорғышты ішінде жанатын
сұйықтықтардың буы, май бояулардан,
еріткіштерден бөлінетін бу немесе жәндіктерді
жоятын дәрілер, не басқа жарылысқа қауіпті
немесе уландырғыш бу бөлінетін, сонымен
қатар жанатын шаң болуы мүмкін жабық
үй-жайларда пайдалануға болмайды.
•
Шаңсорғышты сүзгішсіз пайдалануға болмай-
ды. Шаңсорғышты қосардың алдында барлық
сүзгіштері өз орнында дұрыс орнатылған
болуы керек.
•
Шаңсорғышты:
– сепаратор және жиналмалы ыдыс
орнатылмаған кезде;
– жиналмалы ыдысқа су құйылмаған кезде;
– жиналмалы ыдысқа НЕРА-сүзгіш
орнатылмаған кезде;
– шығыс сүзгіш орнатылмаған кезде (J2-сур.)
тыйым салынады.
•
Құрал үйде пайдалануға ғана арналған, оны
ашық ауада және коммерциялық мақсаттарда
пайдалануға тыйым салынады.
•
Шаңсорғышты тегіс бетте пайдалану керек.
•
Жинаған кезде оны еңкейтуге және бұруға
болмайды. Шаңсорғышты пайдаланған кезде
оны горизонталь күйде сақтауға тырысу керек.
•
Кілемдерді, қаптамаларды машинамен
тазалауға арналған тазалау құралдарын
және еден немесе терезені машинамен жууға
арналған тазалау құралдарын ғана пайдалану
керек. Тазалау құралдары сақталатын жер
балаларға қолжетімсіз болуы керек.
•
Тазалау құралы ерітіндісін дайындаған кезде
оның өндірушісінің қаптамасында көрсетілген
мөлшерлемені сақтау керек.
Назар аударыңыз!
•
Шаңсорғыштың тесіктері мен жылжымалы
бөліктеріне және қондырмаларына шашты,
киімді, саусақты немесе дененің басқа
бөліктерін жақындатуға болмайды.
•
Бөтен заттарды шаңсорғыштың жинайтын
тесігі мен ауа шығатын жеріне салуға бол-
майды.
•
Шаңсорғыштың кез-келген тесігі бұғатталған
жағдайда оны пайдалануға болмайды.
Шаңсорғыштың тесіктерінде шаң, шаш, үй
жануарларының жүні және шаңсорғыштан
ауаның шығуын қиындатуы мүмкін басқа лас
заттардың жиналмауына көңіл аударыңыз.
•
Еден жабындарының кейбір түрлерінен
щаңды сорған кезде электрстатикалық заряд
пайда болуы мүмкін, ол қауіпті емес.
•
Бетті ылғалды тазалаудың алдында еденнің,
кілемнің немесе жұмсақ жиһаздың сондай
тазалауға арналғанын үнемі тексеріп алу
керек.
•
Егер сіздің еден, кілем немесе жұмса
жиһазыңыз ылғалды тазалауға
жататындығына күмәндансаңыз, онда оның
өндірушісінен хабар алыңыз.
•
Ылғалды тазалау тәртібінде шаңсорғышты тек
герметикалық жіктері бар едендерге, мысалы
керамикалық тақтайшадан жасалған едендер
үшін ғана пайдалану керек. Герметикалық
жіктері жоқ едендер үшін ешқашан ылғалды
тазалауды пайдалануға болмайды.
•
Шаңсорғышты ылғалды тазалау тәртібінде
пайдаланған кезде шашырататын бүріккіштен
шығатын сұйықтықтың ағысын ішінде электрлік
бөлшектері бар құралдарға бағыттауға бол-
майды.