EasyManua.ls Logo

Vitek VT-2433 - Page 17

Vitek VT-2433
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
17
ҚАЗАҚША
шығуының тоқтауын күтіңіз. Алаңшада су тамшы-
лары жиналмайтынына көз жеткізіңіз, тамшылар
пайда болған кезде оларды жұмсақ шүберекпен
немесе қағаз майлықпен сүртіңіз.
Назар аударыңыз! Үтік базаға орнатылған
жағдайда және бекіткішпен (4) құлыпталған кез-
де бу беруді қоспаңыз, әйтпесе үтік бекіткішінің
құлпын кездейсоқ ашу әрекеті кезінде будан күйіп
қалуыңыз мүмкін.
ТІГІНЕН БУЛАУ
Сұйыққоймаға (2) су толғанына көз жеткізіңіз.
Индикация панелінде (6) максималды қыздыру
температурасы (15) ( ) индикаторы пайда
болғанға дейін басқару батырмасын (7) ретімен
басып отырыңыз.
Үтіктің қызуын күтіңіз, осы ретте индикатор (15)
жыпылықтауды тоқтатып, үнемі жана бастайды.
Киімді ілгішке іліп, матаны бір қолыңызбен
аздап тартыңыз, ілулі перделер мен жиһаз
маталарындағы қыртыстарды кетіріңіз.
Пайда болған бу өте ыстық болғандықтан,
адам киіп тұрған киімді үтіктеуге болмайды,
киімді барлық уақытта ілгішке ілу керек.
Матаның артында жеткілікті желдету бар екеніне
көз жеткізіңіз, әйтпесе ылғал жиналып, көгеруді
тудыруы мүмкін.
Матаның артында бумен зақымдалуы мүмкін
ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Қалталар, қайырмалары мен манжеттері бос
екеніне көз жеткізіңіз.
Үтікті матаға жақын ұстаңыз (бірақ оған тигізбеңіз).
Оны нәзік маталардан аулақ ұстаңыз. Шағын
аумақтарға бу беру үшін бу беру батырмасын
(8) пайдалануды ұсынамыз, себебі бұл сізге
жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.
Қолданғаннан кейін бу станциясын өшіріңіз. Бу
станциясын өшіру үшін басқару панелінде (6)
қуат индикаторы (12) « » пайда болғанға
дейін басқару батырмасын (7) ретімен басып
отырыңыз.
Үтікті тиісті база алаңшасына (1) орнатыңыз және
оны бекітпесіне (4) басу арқылы бекітіңіз.
Желілік сым ашасын электр розеткасынан
ажыратыңыз.
Суға арналған сұйыққойманы (2) шығарып
алыңыз және одан қалған суды төгіңіз.
Бу станциясын тазаламас бұрын, жылжытпас
бұрын немесе сақтау үшін алып қоймас бұрын
үтікті толығымен суытыңыз.
ҚОСЫМША СУ ҚҰЮ
Сұйыққоймада (2) су таусылғанда, қысқа дыбыстық
белгілер шығады, осы ретте судың төмен деңгейі
индикаторы (13) « » жыпылықтай бастайды.
Бу станциясын қорғау үшін қыздыру және бу беру
функциясы автоматты түрде құлыпталады. Бу беру
функциясын қалпына келтіру үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз:
1. Сұйыққоймаға қосымша су құйыңыз, нұсқаулықтың
СУҒА АРНАЛҒАН СҰЙЫҚҚОЙМАНЫ ТОЛТЫРУ
бөлімін қараңыз.
2. Қыздыру функциясын іске қосу үшін бу беру ба-
тырмасын (8) қысқа басыңыз, осы ретте темпе-
ратура индикаторы (15) жанады, содан кейін бу
беру функциясын қалпына келтіру үшін бу беру
батырмасын қайтадан басыңыз. Осыдан кейін сіз
бу станциясын дұрыс пайдалана аласыз.
АВТОМАТТЫ ӨШІРУ ФУНКЦИЯСЫ
Қауіпсіздікті арттыру мақсатында бу станциясы үтіктің
табанын қыздыруды автоматты түрде өшіру функ-
циясымен жабдықталған. Электрондық қорғаныс
құрылғысы үтіктің көлденең күйінде 30 секунд бойы
немесе тігінен 3 минут бойы (үтік бу станциясының
алаңшасында тұрған кезде) үтікті пайдаланбаған
болсаңыз, қыздыру элементін автоматты түрде
өшіреді. Бұл жағдайда 6 қысқа дыбыстық белгі
шығады, ал индикатор панелінде (6) қуат индикато-
ры (12) « » жыпылықтай бастайды. Қыздыруды
қалпына келтіру үшін үтікті жай ғана шайқаңыз не-
месе үтіктеуді бастаңыз. Ал бу станциясы автоматты
түрде жұмысқа оралады.
Ескертпе: Егер сіз үтікті автоматты түрде
өшіру режимінен кейін 15 секунд ішінде қыздыруды
қалпына келтірсеңіз, онда құрылғыны бірден
пайдалануға болады. 15 секундтан кейін үтіктің
табаны сәл салқындатылады, температу-
ра индикаторы (15) жыпылықтай бастайды.
Үтікті бу станциясының базасына орнатыңыз,
табанның бұрын орнатылған температурасы
біраз уақыттан кейін қалпына келтіріледі және
үтікті қыздыру индикаторы (15) тұрақты жана
бастағаннан кейін ғана пайдалануға болады.
ӨЗІН-ӨЗІ ТАЗАРТУ ФУНКЦИЯСЫ
Құрылғының қызмет ету мерзімін ұзарту үшін, сіздің бу
станцияңыз өзін-өзі тазарту жүйесімен жабдықталған.
Өзін-өзі тазарту функциясын іске қосу үшін келесі
әрекеттерді орындаңыз:
1. Сумен толтыру үшін суға арналған сұйыққойманы
шығарып алыңыз, содан кейін оны базаға
орнатыңыз.
2. Бу станциясын максималды қыздыруға қосыңыз
және ажыратыңыз.
Индикация панелінде (6) максималды қыздыру
температурасы (15) ( ) индикаторы пайда
болғанға дейін басқару батырмасын (7) ретімен
басып отырыңыз.
Үтіктің қызуын күтіңіз, осы ретте индикатор (15)
жыпылықтауды тоқтатып, үнемі жана бастайды.
3. Үтікті сәйкес сыйымдылықтың немесе
раковинаның үстінде көлденең ұстаңыз, содан
кейін басқару батырмасын (7) және бу беру ба-

Related product manuals