18
тырмасын (8) бір уақытта шамамен 2 секунд
бойы басып тұрыңыз.
4. Индикация панелінде (6) өзін-өзі тазарту индика-
торы (14) « » жанады, содан кейін құрылғы
өзін-өзі тазалауды автоматты түрде аяқтайды.
5. Басқару батырмасын (7) қайтадан басыңыз және
үтіктеуді жалғастырғыңыз келсе, қажетті темпера-
тура режимін таңдаңыз.
Өзін-өзі тазарту функциясы қақ пен кірді
кетіреді. Аптасына бір немесе екі рет өзін-өзі
тазарту функциясын қолданыңыз. Егер сіздің
аймағыңыздағы су өте кермек болса, өзін-өзі
тазарту функциясын жиі қолдану керек.
Маңызды: Жиһаздың ылғалдануын болдырмау
үшін өзін-өзі тазарту функциясын іске қосу кезінде
үтікті бу станциясының базасына қоймаңыз.
ҚОЛДАНҒАННАН КЕЙІН
• Үтікті тиісті база алаңшасына (1) орнатыңыз.
• Үтікті базаға мықтап бекіту үшін үтік бекітпесін (4)
басыңыз.
• Суға арналған сұйыққойманы шығарып алыңыз,
одан қалған суды төгіп тастаңыз.
• Үтікті тазаламас бұрын, жылжытпас бұрын немесе
сақтауға қоймас бұрын оны толығымен суытыңыз.
• Байланыстырушы құбыршекті екіге бүктеп, төсеу
орнына (11) базаның түбіне қоюға болады.
• Бу станциясы тік сақталған кезде суға арналған
сұйыққойма бос болуы керек.
КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
• Базалық блокты желіден ажыратыңыз және
құрылғыны толығымен суытыңыз.
• Сыртқы беттерді дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Қажет болса, біраз жуғыш затты қолданыңыз.
• Үтіктің табанындағы минералды шөгінділер мен
дақтарды су-сірке су ерітіндісіне малынған мата-
мен сүртіп тастаңыз, содан кейін табанның бетін
құрғақ матаммен сүртіңіз.
• Табанды сызып алмау үшін абай болыңыз.
• Бу станциясы базасы мен үтіктің корпусын тазарту
үшін абразивті тазартқыш құралдар мен кез кел-
ген еріткіштерді пайдаланбаңыз.
САҚТАУ
• Бу станциясын сақтауға алып қоймас бұрын
құрылғының толық суығанын тексеріп алыңыз.
• Қалған суды сұйыққоймадан (2) төгіңіз.
• «КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ» бөлімінде сипатталғандай құрылғыны
тазалаңыз.
• Қосқыш құбыршекті бүктеп, оны базаның негізіне
салыңыз.
• Құрылғыны құрғақ, таза және қараңғыланған
және салқын, балалар мен мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖИНАҚТАЛЫМ
Бу станциясы – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрқуаттандыруы: 220-240 В ~ 50-60 Гц
Номиналдық тұтыну қуаты: 2200 Вт
Қысымы: 4 бар
Максималды бу жіберу: 140 г/мин.
Суға арналған сұйыққойманың көлемі: 1,3 л
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын, кон-
струкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту
құқығын өзіне қалдырады, соған байланы-
сты нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайда-
ланушы осындай сәйкессіздіктерді анықтаса,
нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу үшін
сәйкессіздік туралы info@vitek.ru электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi.
Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған
жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.