17
тұрыңыз, осы ретте қысқа дыбыстық белгі
естіледі, басқару тақтасындағы барлық
таңбалар сөніп, құрылғы күту режиміне
өтеді. Құрылғыны қосу батырмасының (12)
« »
күту режимінде жарығы жартылай
күңгірттенеді.
Су деңгейінің индикациясы (13)
Деңгей индикаторы төрт сызықтан тұрады, әр
сызық белгілі бір су деңгейіне сәйкес келеді.
– Сұйыққоймада (4) су жеткіліксіз болғанда
немесе болмағанда индикатордың барлық төрт
сызығы (13) қызыл түспен жыпылықтайды.
– Сұйыққойманың таза сумен толтырылуы
шамасына қарай индикатордың (13) барлық
төрт сызығы дәйектеліп пайда болады, бұл
ретте индикатордың түсі ақ түске өзгереді.
– Судың жеткілікті деңгейіне жеткенде
(сұйыққойманы толтырған кезде) үш қысқа
дыбыстық белгі шығады, және индикатор
3 секунд бойы жыпылықтайды.
Ылғалдылық деңгейін баптау
– Құрылғыны күту режимінен қосқан кезде
немесе ұйқы режимінен шыққан кезде құрылғы
автоматты ылғалдандыру режимін орнатады,
бұл ретте басқару тақтасында автоматты
режим индикаторы (18) «A» жанады.
Автоматты ылғалдандыру режимі үй-жайдағы
салыстырмалы ылғалдылықтың ыңғайлы
деңгейін сақтайды.
– Ылғалдылық деңгейін реттеу батырмасы (15)
« » көмегімен ылғалдандырудың екі деңгейін
орнатуға болады.
– Ылғалдылық деңгейін өзгерту үшін алдымен
құрылғыны қосу батырмасын (12) « »
басыңыз, осы ретте ылғалдылық деңгейін
реттеу батырмасы (15) « » белсенді болады
және күңгірт болады.
– Батырманы (17) « » дәйектеп басу арқылы
қажетті деңгейді таңдаңыз, бұл ретте басқару
тақтасында тиісті деңгейдегі жарық диодты
индикаторлар (17, 18) дәйектеліп жанып
отырады: « » - 1 деңгей, « » - 2 деңгей,
«A» - автоматты режим
Ұйқы режимі
Ұйқы режимінде құрылғы тыныш жұмыс істейді
және басқару тақтасында ешқандай жарық
индикациясы болмайды, осы ретте автоматты
ылғалдандыру режимі орнатылады.
– Ұйқы режимін іске қосу үшін алдымен
құрылғыны қосу батырмасын (12) « »
басыңыз, осы ретте ұйқы режимін басқару
батырмасы (11) « » белсенді болады және
күңгірт болады.
– Батырманы (11) « » басыңыз, сонда құрылғы
ұйқы режиміне өтеді, осы ретте басқару
тақтасындағы барлық индикаторлар сөнеді,
батырманы (11) « » жарықтығы максималды
болады. 10 секундтан кейін ұйқы режимін
басқару батырмасы жартылай жарық болып
тұрады.
– Ұйқы режимінен шығу үшін батырманы (11)
« » қайтадан басыңыз, құрылғы автоматты
ылғалдандыру режиміне өтеді, басқару
тақтасындағы барлық индикаторлар жанып
тұрады.
Таймерді басқару
– Таймерді басқаруды іске қосу үшін алдымен
құрылғыны қосу батырмасын (12) « »
басыңыз, осы ретте таймерді басқару
батырмасы (10) « » белсенді болады және
күңгірт болады.
– Батырманы (10) « » дәйектеп басу арқылы
таймердің қажетті жұмыс уақытын орнатыңыз,
осы ретте дисплейде (14) жарық диодты
индикаторлар «1h, 2h, 4h, 8h, --» дәйектеліп
жанып отырады.
1h – таймер жұмысының уақытына 1 сағат
сәйкес келеді
2h – таймер жұмысының уақытына 2 сағат
сәйкес келеді
4h – таймер жұмысының уақытына 4 сағат
сәйкес келеді
8h – таймер жұмысының уақытына 8 сағат
сәйкес келеді
-- – таймер өшірілген
– Таймерді өшіру үшін батырманы (10) 3 секунд
бойы басып ұстап тұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Кейбір аймақтарда су өте кермек, кейбір кальций
мен магний иондары суға арналған сұйыққоймада
және сүзгіде қалып отырады, бұл қақтың пайда
болуына әкеледі. Сүзгідегі тым көп қақтың түзілуі
құрылғының ылғалдау әсеріне ықпал етуі мүмкін.
– Ай сайын суға арналған сұйыққойманы және
буландырғыш-сүзгіні тазалап отырыңыз
– Сұйыққоймадан қалған суды төгіп отырыңыз.
– Егер құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса,
сұйыққоймада су қалдырмаңыз және сүзгіні
табиғи түрде кебуіне мүмкіндік беріңіз.
Ескерту! Аспаптың жоғарғы бөлігін кранның
астына қоймаңыз және оны жартылай суға
салмаңыз. Егер сұйыққоймада суды бірнеше
күннен ұзақ уақытқа қалдырса, онда бұл
бактериялардың көбеюіне әкелуі мүмкін,
сондықтан суды күн сайын ауыстыру керек.
– Тазалау алдында аспапты өшіріңіз және
электр желісінен ажыратыңыз.
IM VT-8557.indd 17 10/27/20 2:46 PM