49
• Кофеқайнатқышты зақымдануға тексеріңіз,
зақымданған жері бар болған жағдайда оны
электр розеткасына қоспаңыз.
• Бұйымның төменгі панелінде көрсетілген қуат-
тандыру кернеуінің параметрлері электр желісінің
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Кофеқайнатқыш корпусының сыртқы бетін таза,
шаңды сүртуге арналған сәл дымқыл матамен
сүртіңіз.
• Бу шығару қызметі сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз,
ол үшін тұтқаны (9) « » сағат тілі бағытымен
тірелгенше «•» бұраңыз.
• Кофеқайнатқышты алғашқы пайдалану алдында
оның барлық шешілмелі бөлшектерін (1, 2, 5, 6,
12, 15, 16) бейтарап жуу құралы бар жылы сумен
жуыңыз, шайыңыз және құрғатыңыз.
• Сыйымдылықты (15) шешіп алыңыз, оны суық
сумен MAX белгісіне дейін толтырыңыз және
орнына қойыңыз.
Ескертпе:
- сыйымдылықты (15) толтыру үшін, қақпақты
(14) көтеріп, шалқайтып қойып, сыйымдылыққа
(15) су құюға болады.
- қақпақты (14) сыйымдылықты (15) тасымалдау
үшін пайдалануға тыйым салынады.
• Кофе сүзгісін (6) (сүзгіге ұнтақталған кофені сеп-
пеңіз) ұстағышқа (5) орнатыңыз, ол үшін сүзгідегі
(6) шығыңқыны ұстағыштағы (5) ойыққа сәйке-
стеңіз де сүзгіні (6) сағат тілімен немесе қарсы
бағытта бекітілгенге дейін бұраңыз.
• Сүзгі ұстағышын (5) кофеқайнатқышқа орнатыңыз.
Ұстағыштың шығыңқысы (5) бойлердің ойықтары-
на «INSERT» сәйкес келуі керек, содан кейін, сүзгі
ұстағышының тұтқасын (4) тірелгенге дейін оңға
қарай «LOCK» бұраңыз.
• Сәйкес тостағанды торға (2) қойыңыз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
Ескертпе: – басқару панеліндегі (7) батырмалар
сенсорлы, қажетті жұмыс режимін іске қосу үшін
батырманы түрту жеткілікті.
• Кофеқайнатқышты қосу/сөндіру батырмасын (17)
«
» басу арқылы қосыңыз, осы ретте батырма
жарығы (17) жанады, батырмалардың жарығы (18,
19, 20) жыпылықтайды, батырмалардың жарығы
(18, 19, 20) тұрақты жанып тұрғаны, алдын-ала
қыздыру аяқталғанын білдіреді.
Ескертпелер:
- алғашқы қосқанда, батырмалардың жарығы (18,
19, 20) жиі жыпылықтайды, себебі бойлерде
су жоқ, 2 тостаған кофе (20) «
» әзірлеу
батырмасын басыңыз, сорғы қосылады және
бойлерге су тартады, батырмалардың жарығы
(18, 19, 20) жыпылықтауын қояды және тұрақты
тұрақты жанып тұрады;
- помпаның алғашқы қосылуыда ерекше дыбыс