38
ЖЕЛДЕТКІШТІ ЖИНАУ
• Желдеткіш бөлшектелген негізбен (1) келеді. Жел-
деткішті негізсіз (1) қосуға тыйым салынады.
• Негізді (1) құрастыру үшін крест немесе жалпақ
бұрағышты қолданыңыз (жеткізілім жинағына
кірмейді).
• Желдеткіш корпусын (2) көлденең орналасты-
рыңыз.
• Негізін жинаңыз (1): негіздер жартларын (1) сәй-
кестендіріңіз (сур. 1) және оларды 4 бұранданы
пайдаланып бекітіңіз.
• 4 бұранданы пайдаланып, негізді (1) корпустың (2)
төменгі жағына бекітіңіз (сур. 2).
• Желдеткішті негізге (1) тігінен орнатыңыз.
Дистанциондық басқару пульті (28)
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дистанциондық басқару
пультінде қуаттандыратын литий элементі орна-
тылған. Қауіптілікке жол бермеу үшін балалардың
қуаттандыруу элементімен ойнауына жол бермеңіз.
Егер бала қуаттандыру элементін жұтып қойса,
дереу дәрігерге жүгініңіз.
Қуаттандыру элементін орнату/ауыстыру (3 сур.)
• Бекіткішті басып, қуаттандыру элементінің
ұстағышын (29) дистанциондық басқару (28) пуль-
тінің корпусынан шығарыңыз, қарама-қайшылықты
қатаң сақтап, CR2025 (жеткізілім жинағына кірмей-
ді) қуаттандыру элементін салыңыз.
• Қуаттандыру элементінің ұстағышын (29) дистан-
циондық басқару (28) пультіне салыңыз.
Ескертпе:
- егер қуат элементінің (29) ұстағышында оқшау-
лағыш төсем болса, төсемді шығарып алыңыз;
- қуаттандыру элементін уақытымен ауыстырып
отырыңыз;
- литийлі қуаттандыру элементін қайта зарядта-
уға тыйым салынады;
- егер құрал ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
болса, онда қуаттандыру элементін шығарып
қойыңыз;
- пайдаланылған қуаттандыру элементін дистан-
циондық (28) басқару пультінен шығарып, оны
кәдеге асырыңыз.
• Қашықтықтан басқару пультін пайдалану кезінде
оны желдеткіш (2) корпусының алдыңғы жағына
бағыттаңыз.
• Қашықтықтан басқару пульті мен желдеткіш
аралығындағы қашықтық 5 метр шамасында,
қашықтықтан басқару пультінің жұмыс бұрышы 30
градусқа дейін болуы керек.
• Қабылдау элементіне тікелей күн сәулесінің түсуін
болдырмаңыз, себебі бұл жағдайда басқару пәр-
мендерінің жалған қосылуы мүмкін.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ПАЙДАЛАНУ
• Желдеткішті тасымалдау үшін тұтқаны (6) пайда-
ланыңыз.