Түбі индукциямен пісіруге жарамды ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Қаптамадан немесе табаның астынан индукция белгісін іздеңіз.
Ыдысыңыздың жарамдылығын магнит сынағы арқылы тексеруге болады.
Магнитті табаның түбіне қарай жылжытыңыз. Егер ол тартылса,
таба индукцияға жарамды.
Егер сізде магнит болмаса:
1. Тексергіңіз келетін табаға су құйыңыз.
2. «Пісіруді бастау үшін» бөліміндегі қадамдарды
орындаңыз.
3. Егер дисплейде жыпылықтамай,
су ысыса, таба жарамды.
Мына материалдардан жасалған ыдыстар
жарамайды: таза тот баспайтын болат, магнит түбі
жоқ алюминий немесе мыс, шыны, ағаш, фарфор,
керамика және фаянс.
Ең кішкентай ыдыс (диаметрі/мм)
Жиектері тегіс емес немесе түбі жұмыр ыдыстарды қолданбаңыз.
Табаның табаны тегіс екеніне, шыныға тығыз жанасып орналасатынына және
пісіру аймағының өлшемімен бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Табаны әрқашан пісіру
аймағының ортасына қойыңыз.
Әрқашан табаларды керамика конфоркадан көтеріп алыңыз – сырғытпаңыз,
әйтпесе олар шыныда сызат қалдыруы мүмкін.