EasyManua.ls Logo

Dremel 8100 - Қауіпсіздік Нұсқаулары

Dremel 8100
48 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
штепсельді қуат көзінен және/немесе батареядан
ажыратыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
d. Пайдаланбайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Электр құралымен немесе осы нұсқаулармен
таныс емес адамға құралды пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары жаттықтырылмаған
пайдаланушылар қолында қауіп тудырады.
e. Электр құралдарына техникалық қызмет
көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын
немесе шатасуын, бөлшектердің бұзылуын және
механикалық құралдардың жұмысына әсер етуі
мүмкін барлық жағдайды тексеріңіз. Зақым бар
болса, электр құралын пайдаланбас бұрын,
оны жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар электр
құралдарына дұрыс емес техникалық қызмет
көрсету салдарынан орын алады.
f. Кескіш құралдарды өткір және таза күйде
ұстаңыз. Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай болады.
g. Жұмыс жағдайларын және орындау қажет
жұмысты назарға ала отырып, электр құралын,
аксессуарларды және алмалы-салмалы
кескіштерді және т. б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр құралын мақсатты
пайдаланудан басқаша пайдаланғанда қауіпті
жағдай орын алуы мүмкін.
БАТАРЕЯ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ
КӨРСЕТУ
a. Өндіруші белгілеген зарядтаушы құрал арқылы
зарядтаңыз. Батареяның белгілі бір түріне
арналған зарядтаушы құралды басқа түрдегі
батареямен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.
b. Электр құралдарын тек арнайы жасалған
батареялармен пайдаланыңыз. Кез келген басқа
батареяларды пайдалану жарақат немесе өрт
қаупін тудыру мүмкін.
c. Батарея пайдаланылмай жатқан кезде, оны
басқа қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар немесе басқа да ұсақ
металл заттардан алшақ ұстаңыз, бұл бір
клеммадан басқа клеммаға қосылым жасау
мүмкін. Батарея клеммаларын бірге тұйықталуы
жалынды немесе өртті тудыру мүмкін.
d. Жарамсыз жағдайларда, сұйықтық батареядан
ағып кетуі мүмкін; денеңізге тигізбеңіз. Егер
абайсызда тиіп кетсе, сумен шайыңыз.
Егер сұйықтық көзге тиіп кетсе, қосымша
медициналық көмек алыңыз. Батареядан шыққан
сұйықтық тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп
болуы мүмкін.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
a. Электр құралына қызмет көрсету жұмысын тек
түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланатын
білікті маманға тапсырыңыз. Бұл электр құралы
қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
БАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ТЕГІСТЕУ, ҚҰММЕН ТЕГІСТЕУ, СЫМ ҚЫЛШАҚПЕН
ТАЗАЛАУ, ЖЫЛТЫРАТУ, ЖОНУ НЕМЕСЕ ЫСҚЫШ
ОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ОРТАҚ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІ
a. Бұл электр құралы тегістеу аспабы, құммен
тегістеу құралы, сым қылшақ, жылтырату
аспабы, жону немесе ою құралы сияқты жұмыс
істеуге арналған. Осы электр құралымен
бірге берілген барлық ескертулер, нұсқаулар,
суреттер және сипаттамаларды оқыңыз. Төменде
көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау
салдарынан электр тогының соғуы, өрт және/
немесе ауыр жарақат орын алуы мүмкін.
b. Арнайы жасалмаған және құрал өндірушісі
арқылы ұсынылмаған аксессуарларды
пайдаланбаңыз. Аксессуарды тек электр
құралына бекітуге болғандықтан ол қауіпсіз жұмыс
істеуіне кепілдік бермейді.
c. Тегістеу аксессуарларының номиналды
жылдамдығы кемінде электр құралында
белгіленген максималды жылдамдыққа
тең болуы қажет. Өздерінің номиналды
жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс
істейтін тегістеу аксессуарлары бұзылып, ұшып
кетуі мүмкін.
d. Аксессуарлардың сыртқы диаметрі мен
қалыңдығы электр құралының сыйымдылық
есебі ауқымында болуы қажет. Өлшемі дұрыс
емес аксессуарларды дұрыс басқару мүмкін емес.
e. Дөңгелектер, құммен тегістеу барабандары
немесе кез келген басқа аксессуарлар білігінің
өлшемі электр құралының шпинделі немесе
цангасына сәйкес келуі қажет. Электр құралының
бекіту құралдарына сәйкес келмейтін аксессуарлар
тепе-теңдіктен шығып, қатты дірілдейді және
басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
f. Жақтауға орнатылған дөңгелектер, құммен
тегістеу барабандары, кескіштер немесе басқа
аксессуарлар цанга немесе патронға толығымен
енгізілуі қажет. Жақтау жеткіліксіз бекітілсе және/
немесе дөңгелек қатты шығып тұрса, орнатылған
дөңгелек босап, жоғары жылдамдықта шығып
кетуі мүмкін.
g. Зақымдалған аксессуарды пайдаланбаңыз. Әр
пайдалану алдында ысқыш дөңгелек сияқты
аксессуардың сынуын және сызат түсуін,
құммен тазалау барабанының жарылуын,
сынуын немесе тозуын, сым қылшақтың
босауын немесе сымдардың сынуын тексеріңіз.
Электр құралы немесе аксессуар жерге құласа,
зақымдалуын тексеріңіз немесе зақымдалмаған
аксессуар орнатыңыз. Аксессуарды тексеріп,
орнатқаннан кейін, айналатын аксессуар
жазықтығынан өзіңіз және айналадағы адамдар
алшақ тұруы қажет, содан кейін электр құралын
жүктемесіз максималды жылдамдықта бір минут
ішінде іске қосыңыз. Зақымдалған аксессуарлар
осы сынақ кезінде сынып қалады.
h. Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Қолданысқа
байланысты қорғаныс маскасын және
қорғаныс көзілдірігін киіңіз. Сәйкесінше шаңнан
қорғайтын маска, есту мүшесін қорғайтын
бұйым, қолғап және ұсақ ысу немесе өңдеу
сынықтарынан қорғайтын алжапқыш киіңіз.
Көзді қорғау бұйымы әртүрлі жұмыстардан
пайда болатын қалдықтардың ұшуынан қорғай
алатын болуы қажет. Шаңнан қорғайтын маска
немесе респиратор жұмыстан пайда болатын
бөлшектерді сүзе алуы қажет. Ұзақ уақыт жоғары
қарқындылықтағы шу әсері есту қабілетін
жоғалтуға әкелуі мүмкін.
i. Айналадағы адамдар жұмыс аймағынан қауіпсіз
қашықтықта тұруы қажет. Жұмыс аймағына
кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын
киюі тиіс. Өңдеу немесе сынған аксессуар
сынықтары ұшып, жұмыс аймағына жақын жерде
жарақат келтіруі мүмкін.
j. Кескіш аксессуар жасырын сымға тиіп кетуі
33

Related product manuals