40
КОНДИЦИОНЕР ВОЗДУХА ТИПА СПЛИТ-ЦИСТЕМА
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Өз қауіпсіздігіңіз үшін, сондай-ақ кондиционерді дұрыс пайдалану үшін электр аспабын орнату алдында және
бірінші рет іске қосу кезінде осы нұсқаулықпен және барлық ескертулермен танысып шығыңыз. Абайсыз істен
шығуы мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін тұрмыстық техника- ны пайдаланатын адамдардың қауіпсіздік
техникасымен және кондиционерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысқанына көз жеткізу қажет.
Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және оны кондиционердің орны ауыстырылғанда неме- се қайта сатылғанда
бірге беріңіз. Сіздің өміріңізді және электр құралын пайдалану үшін қажетті жағдайларды сақтау үшін осы
нұсқаулықтың барлық нұсқауларын орындаңыз, өйткені өндіруші қателіктерден туындаған істен шығу мен за-
лалдар үшін жауап бермейді.
Сплит жүйесіндегі тұрмыстық үлгідегі кондиционер тұрғын үй, қоғамдық және әкімшілік- тұрмыстық үй-жайларда
санитарлық-гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету кезінде оңтайлы ауа температурасын жасауға арналған.
Кондиционер салқындату, құрғату, жылыту, желдету және ауаны шаңнан тазартуды жүзеге асырады.
• Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Қаптама материалдарын
балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Кондиционерді орнатқаннан кейін қаптамалық материалдарды
қауіпсіздік және қоршаған орта жағдайларына сәйкес кәдеге асырыңыз.
• Аспапты пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
• Алғашқы қосқан кезде бұйымда көрсетілген техникалық сипаттамаларының электр желісінің параметрлеріне
сәйкестігін тексеріңіз.
• Электрмен қуаттандыру бауының ашасын ауа кондиционерін орнатқаннан кейін ғана розеткаға қосыңыз.
• Электрмен қуаттандыру ашасына еркін қол жеткізілетініне көз жеткізіңіз.
• Әрбір қосқан сайын кондиционерді қарап шығыңыз. Аспап немесе желілік бауы бүлінген болса, еш жағдайда
аспапты розеткаға қоспаңыз.
• Аспапты сыртта пайдаланбаңыз, оны жаңбыр, ылғал, тікелей күн сәулесінің және басқа атмосфералық
құбылыстар әсеріне ұрындырмаңыз.
• Электрмен қоректендіру бауы немесе розеткасы бүлінген аспапты пайдаланбаңыз.
• Ақаулары пайда болған жағдайда сараптама және жөндеу жүргізу үшін сервис орталығымен хабарласыңыз.
• Электрмен қоректендіру бауын бүлдірмеңіз, бұрамаңыз, майыстырмаңыз, ұзартуға болмайды. Оның үстіне ауыр
заттар қоймаңыз.
• Аспапты электр желісінен ажырату үшін электрмен қоректендіру бауын тартпаңыз, ашадан ұстаңыз.
• Орнын ауыстыру, қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде кондиционер өшіріліп, электр желісінен ажыратылуы
тиіс.
• Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның ішінде 8 жасқа дейінгі
балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін жауапты ересек адамның қадағалауынсыз аспапты пайда-
лану жөніндегі білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға кондиционер
элементтерімен ойнауға болмайды. Аспапты тазалауды балалар ересектердің қарауынсыз жүзеге асырмауы тиіс.
• Саусақтарыңызды немесе басқа заттарды ауа кіретін және шығатын тесіктерге салмаңыз. Бұл аспаптың бүлінуіне
және адамның жарақаттануына алып келуі мүмкін. Ауа кіретін және шығатын тесіктерді бітемеңіз. Бұл аспаптың
сынып қалуына әкелуі мүмкін.
• Қашықтан басқару пультіне су құйып алмаңыз, себебі ол істен шығуы мүмкін.
• Келесі құбылыстардың бірі орын алған жағдайда, кондиционерді дереу өшіріп, қуатты өшіріңіз, содан кейін
мәселені шешу үшін авторизацияланған сервис орталығына хабарласыңыз:
- қуат сымы қызып кетеді немесе бүлінген;
- пайдалану кезінде біртүрлі дыбыстардың шығуы;
- электр тізбегінің жиі үзілуі;
- кондиционерден күйген иістің шығуы;
- кондиционердің ішкі блогынан ағып кету.
• Кондиционер корпусын тазалау үшін өткір металл қырғыштарды, жебір және абразивті тазартқыш құралдарды
пайдаланбаңыз, олар аспаптың бетін сызып тастауы мүмкін.
• Жоғары қысымды тазартқышты немесе бу ағынды тазартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені ылғал кіріп кетсе,
адам электр тогына соғылуы мүмкін.
• Сақтық шараларын қолданбау және қауіпсіздікті ұстанбау құралдың бүлінуіне, күйіп қалуға, жарақаттануға,
электр тогына соғылуға, қысқа тұйықталу немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Ақаулар туындаған жағдайда ауа кондиционерінің моделін және пайда болған ақау түрін көрсете отырып, дереу
авторизацияланған сервис орталығымен хабарласыңыз. Білікті түрде жасалмаған жөндеу аспапқа берілетін
кепілді қызмет көрсетудің күшін жояды.
• Аспапты жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады.