EasyManua.ls Logo

Krups Authentic Range XP381 - Page 125

Krups Authentic Range XP381
158 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
205204



БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН БУДЫ ПАЙДАЛАНҒАННАН КЕЙІНГІ ӘРЕКЕТТЕР
Бу функциясын пайдаланғаннан кейін эспрессо жасағыңыз келсе, кофе машинасын
салқындатуыңыз қажет, себебі су оңтайлы эспрессо дайындау үшін тым ыстық болады.
Төмендегі қадамдарды орындаңыз:
- Тұтқа • позициясында екенін тексеріңіз
- Кофені таңдау түймесін басыңыз (49).
- Бу индикатор шамы қызғылт сары болып, кофе машинасы эспрессо дайындау үшін
тым ыстық екенін білдіреді (50).
- Бу саптамасын 60 мл су толтырылған ыдысқа толығымен батырыңыз (18).
- Машинаны салқындату үшін тұтқаны бу позициясына қарай оңға бұрап (51) ыстық
суды шығарып, бойлерге жіберіңіз.
- Шамамен 10-20 секундтан кейін қызғылт сары индикатор шамы өшіп, кофе индикатор
шамы жыпылықтай бастағанын көресіз (21, 52). Бұл машина эспрессо дайындауға
керек температураға дейін салқындағанын білдіреді.
- Тұтқаны • позициясына бұрап жұмысты тоқтатыңыз (37).


МАҢЫЗДЫ! Абайлаңыз! Сүт шашырап кетпеуі үшін, бу саптамасын «бу»
режимінде пайдаланып жатқан кезде, оны сүттен шығармаңыз.
МАҢЫЗДЫ!
Абайлаңыз! Бу саптамасы әлі ыстық! Сақ болып, күйіп қалмауға тырысыңыз!
МАҢЫЗДЫ! Бу функциясын өшіргеннен кейін, саптаманы дереу әрі мұқият
тазалаңыз.
B. E.S.E. таблеткаларымен - тек XP384 моделінде
Эспрессо жасау үшін E.S.E. таблеткаларын пайдалануға болады. Оларды жоғарыдағы
логотипі арқылы тануға болады.
1 E.S.E. таблеткасы = 1 шыныаяқ эспрессо
Кофе дайындау қадамдары «A. Ұнтақталған кофемен» бөліміндегімен бірдей, тек:
1. Кофе таблеткаларына (E.S.E.) арналған сүзгіні портасүзгіге салыңыз (32).
2. Таблетканы портасүзгінің ішінде мейлінше ортаға келтіріп орналастырыңыз
(33). Таблетканы портасүзгіге дұрыс орналастыру үшін кофе таблеткаларының
қаптамасындағы нұсқауларды орындаңыз. Таблеткалар (E.S.E.) бір шыныаяқ кофе
жасауға арналған. Екі таблетканы бір-бірінің үстіне қойып пайдаланбаған жөн.
1. Машина қосылып, кофе индикатор шамы жанып тұрады (12).
2. Бу саптамасының астына шыныаяқ салыңыз (34).
3. Тұтқаны бу позициясына қарай оңға бұраңыз (35). Машина ыстық су дайындай
бастайды (36).
4. Ыстық суды тоқтату үшін тұтқаны қайтадан • (37) позициясына бұраңыз.
Бу сүтті көпіртеді (мысалы, капуччино жасау үшін).
1. Машинаны ток көзіне қосыңыз (2).
2. Су ыдысын шығарып алып, оны толтырыңыз (3). Су деңгейі ыдыстағы «MAX»
белгісінен аспауы және ыдыстың ішінде кемінде 300 мл су болуы керек (4). Содан
кейін су ыдысын орнына салып, қақпақтың жабылуын қамтамасыз етіңіз (5).
3. Қосу/Өшіру түймесін басыңыз (6); кофе индикатор шамы жыпылықтайды (7). Тұтқа
позициясына қойылған.
4. Буды таңдау түймесін басыңыз (16). Бу индикатор шамы жыпылықтап, алдын ала
ысыту жүріп жатқанын білдіреді (17).
5. Алдын ала ысыту аяқталғаннан кейін, бу индикатор шамы жанып тұрады (19).
Саптамадағы су конденсатын шығарып, жақсы көпіршітуді қаптамасыз ету бойынша КЕҢЕС:
- Сүтті көпіршіткелі жатқан кезде, саптаманың астына бос ыдыс немесе шыныаяқ
қойыңыз (18)
- Саптама жүйесін бу дайындау позициясына қарай оңға бұрап (20) буды 5 секунд
жүйе арқылы айдаңыз (38)
- Тұтқаны • (22) позициясына бұраңыз.
6. Капуччино жасау үшін ыдысқа 100 мл сүт (контейнердің макс. сыйымдылығының 1/3
бөлігіне) (39) толтырыңыз.
КЕҢЕС:
- Барынша жақсы нәтиже алу үшін бу саптамасының астына тоса қоятындай тар
келген және салыстырмалы түрде кішкентай ыдыс қолданыңыз
- Сүт пен ыдыс өте суық болуы керек.
- Қаймағы алынбай пастерленген немесе ультрапастерленген сүт пайдаланған жөн
7. Бу саптамасын сүт ыдысына салып (40), тұтқаны бу позициясына қарай оңға
бұраңыз (20).
8. Барынша жақсы нәтиже алу үшін ыдыстың түбіне қол тиіп кетпеуін және саптама сүттен
шығып кетпеуін қадағалаңыз. Содан кейін бу саптамасы сізге көпіршітіп береді (41).
9. Сүт керек бабына келіп көпіршігенде (42), тұтқаны • (22) позициясына бұраңыз.
МАҢЫЗДЫ / Сүт тым қатты ысып кетпеуі үшін, стимерді 45 секундтан (100 мл сүт үшін)
артық қолданбаңыз.
КЕҢЕС: Саптаманың ішінде сүт кеуіп, қатып қалмауы үшін оны әр қолданғаннан сайын
тазалап отырыңыз:
- Машинаны ток көзінен ажыратыңыз (43)
- (Абайлаңыз! Ыстық!) Бу саптамасының түтігін (44) шығарып, оны таза сумен
жуыңыз (45).
- Бу саптамасын дымқыл шүберекпен тазалаңыз (46, 47).
- Түтікті қайтадан бу саптамасына орнатыңыз (48).

Table of Contents

Related product manuals