8
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
KK
• Қуат сымының тігінен орнатылуына және құрылғының қуат
ашасына тиіп тұруына жол бермеңіз.
• Ашалы адаптер немесе басқа да керек-жарақтарды тоқ көзіне
жалғамаңыз.
• Қуат сымын өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз.
• Розетканың жерге дұрыс тұйықталғанын және қуат сымындағы
жерге тұйықтау ашасының зақымдалмағанын немесе қуат
ашасынан алынбағанын тексеріңіз. Жерге тұйықтау туралы
қосымша мәліметтерді LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығынан сұраңыз.
• Бұл құрылғы жабдықты жерге тұйықтау өткізгішіне ие қуат
сымымен және жерге тұйықтау ашасымен жабдықталған. Қуат
ашасы барлық жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес және
жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануы керек.
• Зақым белгілері көрініп тұрған құрылғыны ешқашан іске
қоспаңыз. Күмәндансаңыз, дилеріңізбен кеңесіңіз.
• Барлық бума материалдарын (мысалы, пластик қалталар мен
пенопласт) балалардан алысқа тастаңыз. Бума материалдары
тұншықтыруы мүмкін.
• Жабдықты қуат кабелі жоқ (орнатылмаған) көп розеткалы
адаптерге жалғауға болмайды.
• Жабдық жеке сақтандырғышы бар арнайы қуат желісіне
жалғануы тиіс.
• Жерге тиісті түрде тұйықталмаған (тасымалы) көп розеткалы
ұяны пайдаланбаңыз. Тиісті түрде жерге тұйықталған (тасымалы)
көп розеткалы ұяны пайдаланған жағдайда, оның кернеу қуаты
кабельдің көрсеткіштерімен бірдей немесе одан жоғары болатын
розетканы қолданыңыз және оны тек құрылғы үшін
пайдаланыңыз.
Пайдалану
• Құрылғыны тұрмыстық тағам сақтаудан басқа мақсатта
(медициналық немесе сараптамалық материалдарды сақтау
немесе тасымалдау) қолданбаңыз.
kk_main.book.book Page 8 Thursday, February 20, 2020 1:48 PM