EasyManua.ls Logo

Philips HD9395 - Электромагниттік Өрістер (ЭМӨ)

Philips HD9395
202 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
188
Қазақша
-
Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана қосуға
болады.
-
Шайнекті тек өзінің түпнұсқа табанымен қолданыңыз.
-
Шайнек тек суды ысытуға және қайнатуға арналған.
-
Шайнекті толтырғанда ең жоғарғы деңгей көрсеткішінен асырмаңыз.
Егер жоғарғы деңгейден асып кетсе, шайнек қайнағанда су шүмегінен
ағып, күйіп қалуыңыз мүмкін.
-
Абай болыңыз! Шайнек пен су пайдаланып жатқанда және пайдаланған
кейін біраз уақыт ыстық болады. Шайнекті әрдайым тек тұтқасынан ғана
ұстаңыз. Шайнектен шығатын будан да абай болыңыз.
-
Бұл құрал үй тұрмысында немесе соған ұқсас басқа да орындарда
қолдануға арналған: фермалардағы үйлер; жатын орын мен таңғы ас
беретін орындар; дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс
орталарындағы ас үйлер; қонақ үйлер, мотельдер және басқа да тұрғын
орындары (тұтынушылар тарапынан).
Сусыз қайнатудан қорғау функциясы
Бұл шайнекте сусыз қайнатудан қорғау функциясы бар: су құймай немесе аз
сумен байқамай қосқанда шайнекті автоматты түрде ажыратады. Шайнекті
10 минут суытып алып, оны табанынан көтеріңіз. Енді шайнекті қайтадан
пайдалануға болады.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты стандарттарға
сәйкес келеді.
Өңдеу
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын
білдіреді (2012/19/EU).
Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі
еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және
адам денсаулығына тиетін зиянды әсердің алдын алуға көмектеседі.
Басқаша көрсетілмеген болса, қораптың ішіндегі қаптама материалдың
барлығы қайта өңделген қағаздан жасалған; қораптағы PAP белгісін
қараңыз.
Кепілдік және қолдау
Versuni компаниясы сатып алғаннан кейін осы өнімге екі жылдық кепілдік
береді. Егер ақау дұрыс пайдаланбау немесе сапасыз техникалық қызмет
көрсету салдарынан болса, бұл кепілдік күшін жояды. Біздің кепілдік
тұтынушы ретінде сіздің заңды құқықтарыңызға әсер етпейді. Қосымша
ақпарат алу үшін немесе кепілдікті пайдалану үшін біздің
www.philips.com/support веб-сайтымызға кіріңіз.

Table of Contents

Related product manuals