31
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Қақпақ
Қыстырғыштар
Себет
Тұғыр
Бөтелке қуыстары
Емізік қуыстары
Сопақ қақпақ ұстағыштары
Үлкен шөлмектерге арналған ұялар
Сүт сауғыштарға арналған ұялар
Микротолқынды зарарсыздандырғышты қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын
мұқият оқып шығып, болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
- Микротолқынды пештен алмас бұрын, зарарсыздандырғышты салқындатыңыз.
Зарарсыздандырғышты жылжытқанда немесе ашқанда абайлаңыз, себебі ішіндегі су әлі де
ыстық болуы мүмкін.
- Зарарсыздандырудан кейін зарарсыздандырғыштың қақпағын бірден алмаңыз, себебі
шығатын бу өте ыстық болады. Бу күйдіретіндіктен, зарарсыздандыру құралын
салқындатыңыз.
- Ешқандай қоспасы жоқ суды ғана қолданыңыз.
- Зарарсыздандырғышты микротолқынды пешке салғанда, тұғырдың сумен толтырылғанын
міндетті түрде тексеріңіз.
- Ағартқыш немесе басқа химиялық заттарды зарарсыздандырғышқа құймаңыз.
- Зарарсыздандырғышқа темір заттар салмаңыз, себебі олар микротолқынды пешті
зақымдауы мүмкін.
- Зарарсыздандырғышты асыра толтырмаңыз, әйтпесе заттар дұрыс зарарсызданбайды.
- Тек нәресте шөлмектерін және зарарсыздандырғышқа жарамды басқа заттарды
зарарсыздандырыңыз. Зарарсыздандырғыштарға жарамды екенін тексеру үшін,
зарарсызданатын заттардың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
- Бұл зарарсыздандырғыш тек үйде қолдануға арналған.
- Балалардың зарарсыздандырғышпен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Зарарсыздандыруды бастамас бұрын, тұғырдың 200 мл сумен толтырылғанын міндетті
түрде тексеріңіз.
- Қолданған сайын, су суығаннан кейін зарарсыздандырғыштағы барлық қалдық суды төгіңіз.
- Зарарсыздандырғышты тазалар немесе сақтап қояр алдында суытып алыңыз.
- Зарарсызданған заттарды ұстамас бұрын, қолыңызды міндетті түрде жуыңыз.
- Зарарсыздандырғышты қатты ыстық жерге немесе күн сәулесі тікелей түсетін жерге
қоймаңыз.
- Зарарсыздандырғышты ыстық бетке қоюға болмайды.
- Құрама пешті (гриль функциясы бар) пайдаланған жағдайда, зарарсыздандырғышты салмас
бұрын пештің немесе гриль функциясының өшірілгенін және суығанын тексеріңіз.