26 V60 Plus пайдаланушы нұсқаулығының қосымшасы: 1150533 B
Жоғары ағынды терапияның қауіпсіздік жəне дабыл мүмкіндіктері
Төменде максималды жүйе қысымының шегіне жеткен кездегі орын алатын
оқиғалар реттілігі берілген:
1. Ағын қысым 5 смH
2
O шамасына дейін түспейінше азайтылады.
2. Визуалды жəне дыбыс дабылы желдеткіштің Cannot Reach Target
Flow (Мақсатты ағынға қол жеткізу мүмкін емес) күйін көрсетеді.
3. Əр 5 секунд сайын желдеткіш ағынды максималды қысым шегіне
дейін көтеру арқылы Cannot Reach Target Flow (Мақсатты ағынға
қол жеткізу мүмкін емес) дабыл күйінің шешімін тексереді.
4. Егер мақсатты ағынға қол жеткізу мүмкін емес болса,
пайдаланушы
мəселені шешпейінше дабыл көрсетіледі.
Егер мықтап тағылған маска айтарлықтай кедергі мен толық кедергінің пайда
болуына себеп болса, жоғары басымдылықты Patient Circuit Occluded
(Емделуші контуры бітелген) дабылының дыбысы шығады.
МАҢЫЗДЫ: пайдаланушылар HFT режимінің барысында NIV
маскаларының пайдаланылмайтынына көз жеткізулері тиіс.
Жоғары ағынды
терапия кезінде
мұрынға
арналған жоғары
ағынды
канюляны
пайдалану
Кейбір жағдайларда емделуші мұрынға арналған жоғары ағынды канюляны
киген кезде, қысым максималды жүйе қысымының шегіне жетуі мүмкін. Газ
ағынының жоғары кедергісі желдеткіштің максималды жүйе қысымының
шегіне жетуіне əкелуі мүмкін, бұл жағдайда жоғарыда сипатталғандай
Cannot Reach Target Flow (Мақсатты ағынға қол жеткізу мүмкін емес)
дабылының дыбысы шығады. Газ ағынының толық кедергісі жоғары
басымдылықты Patient Circuit Occluded (Емделуші
контуры бітелген)
дабылы дыбысының шығуына себеп болады.
Пайдаланушылар желдеткіштің максималды жүйе қысымының шегіне
жетуіне əкелуі мүмкін жоғары көтерілген кедергі себептерін/себебін анықтап,
оларды түзетулері тиіс. Ықтимал себептер:
• мұрынға арналған канюля өлшемі ағын параметрі үшін жарамсыз;
• түтіктің немесе канюляның бүгілуі;
• ағынды бұғаттайтын шырышты тығын;
• газ жолындағы көтерілген кедергіге əкелуі
мүмкін емделуші
қозғалысы, орналасуы немесе жөтелуі;
• газ жолындағы бітелу.
Егер өлшемі жарамды канюляны таңдағаннан кейін жəне көрінетін кедергі
себептері мен газ ағынының кедергісі жоқ болған кезде де дабыл күйі
сақталса, орнатылған мақсатты ағын жүйе орнатылымы үшін тым жоғары
болуы мүмкін. Тиісті клиникалық бағалауларға сəйкес, емдеу заттары
келесілерді қамтуы мүмкін:
• мақсатты
ағынды клиникалық жарамды деңгейге дейін түсіру;
• балама құрылғыға немесе терапия түріне ауысу.
Осы қосымшадағы HFT кезіндегі дабыл мен қауіпсіздік функцияларына
қатысты ақпарат емделушіге жылдам əрі қауіпсіз түрде күтім көрсетуге
көмектесуі тиіс. Толық пайдалану нұсқауларын V60/V60 Plus желдеткішінің
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.