EasyManua.ls Logo

Samsung Q800T QLED 8K - Сақтық Шарасы: Теледидардың Құлап Түсуіне Жол Бермеу Үшін Оны Қабырғаға Бекіту

Samsung Q800T QLED 8K
112 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Қазақ - 9
Қазақ
Сақтық шарасы: Теледидардың құлап түсуіне жол бермеу үшін оны
қабырғаға бекіту
Абайлаңыз: ТД-ды тартса, итерсе немесе үстіне шықса, құлап кетуі мүмкін. Сондай-ақ,
балалардың ТД-ға артылып тұрмауына немесе оны қозғамауына көз жеткізіңіз. Бұл
әрекет теледидардың төңкеріліп кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе
қазасына себеп болуы мүмкін. ТД жинағымен қоса берілген қауіпсіздік парағындағы
сақтық шараларының барлығын орындаңыз. Орнықтылық пен қауіпсіздікті қосымша
қамтамасыз ету үшін келесі бетте сипатталған аударылып кетуден сақтайтын құралды
сатып алып орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз. Теледидар қондырғысы құлап
кетіп, адамдардың елеулі жарақат алуына немесе қазасына себеп болуы мүмкін. Мына сияқты
қарапайым сақтық шараларын орындау арқылы көптеген зақымдарға, әсіресе балалардың
жарақат алуына жол бермеуге болады.
Теледидар өндірушісі ұсынған шкафтарды немесе тұрғыларды немесе құрастыру әдістерін
пайдаланыңыз.
Теледидарды қауіпсіз түрде көтеріп тұра алатын жиһазды ғана пайдаланыңыз.
Теледидар орналастырылған жиһаздың шетінен теледидардың шығып тұрмағанына көз
жеткізіңіз.
Балаларға теледидарға немесе оның басқару құралдарына жету үшін жиһаздың үстіне
шығудың қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Теледидарға жалғанған сымдар мен кабельдерді оларға кісі сүрініп, тартып қалмайтындай
немесе жұлып алмайтындай етіп өткізіңіз.
Теледидарды ешқашан орнықсыз жерге қоймаңыз.
Теледидарды биік жиһаздың (мысалы, шкафтың немесе кітап сөресінің) үстіне қойғанда,
жиһаз бен теледидарды қолайлы тіреуге анкермен бекітпей тұрып қоюға болмайды.
Теледидар мен тіреуіш жиһаздың арасында болуы мүмкін матаның немесе басқа
материалдардың үстіне теледидарды қоюға болмайды.
Ойыншық немесе қашықтан басқару пульті сияқты заттарды теледидардың немесе
теледидар қойылған жиһаздың үстіне қоюға болмайды, себебі балалар олардың үстіне
шығуға тырысуы мүмкін.
Егер қолданыстағы теледидарды сақтауға қоятын немесе орнын ауыстыратын болсаңыз,
жоғарыдағы шараларды ескеру қажет.

Table of Contents

Related product manuals