EasyManua.ls Logo

STERWINS UP20 - Page 138

STERWINS UP20
228 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
138
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN
Кіріспе
Осы өнімді таңдағаныңызға рақмет. Өнімдерді жобалау және дайындау барысында біз
пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары сапаны қамтамасыз
ету үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.
МАҢЫЗДЫ! БҰЛ ӨНІМДІ ОРНАТУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ЕШҚАНДАЙ АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАМАУЫ ҮШІН, ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНБАЙ
ТҰРЫП, ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҚҚАНЫҢЫЗ ДҰРЫС. ОСЫ
НҰСҚАУЛЫҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫП,
НҰСҚАУЛЫҚТЫ КЕЙІН ДЕ ҚАРАУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТА ҚАРАУ ҮШІН
САҚТАП ҚОЮ КЕРЕК: МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ
1. UP20 СЫМСЫЗ ШАҒЫН АРАНЫ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
Осы өнім сыртта ғана пайдалануға арналған және еш жағдайда ғимарат ішінде
пайдаланылмауы тиіс. Сымсыз шағын ара тек құрғақ және жақсы жарықтандырылған
жағдайларда пайдалануға арналған. Бұл шағын ара тек тұрмыста бұтақтарды кесуге
арналған. Оны басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз. Бұл өнім балалар немесе физикалық,
ақыл-ой немесе сенсорлық кемістігі бар адамдардың пайдаланылуына арналмаған.
Орауыштан шығарған соң, өнімнің керек-жарақтарымен бірге (бар болса) бүтін
екендігіне көз жеткізіңіз. Егер өнім зақымдалған болса немесе кез келген ақаулары бар
болса, оны пайдаланбаңыз және дилеріңізге қайтарыңыз. Осы құралды басқа бір адамға
берсеңіз, осы пайдалану нұсқаулығын бірге беріңіз.
Біздің жабдығымыз коммерциялық, сауда немесе өнеркәсіптік мақсаттарда
пайдалануға арналмағанын ескеріңіз. Құрылғы коммерциялық, сауда, өнеркәсіптік
немесе ұқсас мақсаттарда пайдаланылса, біздің кепілдігіміз өз күшін жояды. Бұл өнім
5 жыл (күтілетін қызмет ету мерзімі) көлемінде пайдалануға арналған.
2. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ
ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ ОСЫ ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫМЕН БІРГЕ БЕРІЛГЕН БАРЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІН, НҰСҚАУЛАРДЫ, СУРЕТТЕРДІ
ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ.
ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОРЫНДАМАУ
САЛДАРЫНАН ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ СОҒУЫ, ӨРТ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ/
НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТ ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН.
БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ БОЛАШАҚТА ҚАРАУ ҮШІН
САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ
Ескертулердегі «электр құралы» термині электр желісінен жұмыс істейтін (сымды)
немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді.

Table of Contents