EasyManua.ls Logo

Stihl MH 445 - Page 457

Stihl MH 445
486 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
455
AZKK
0478 403 9802 B - KK
ешқашан қолданбаңыз. Бөтен адамдар,
əсіресе балалар, осы бөтелкенің
ішіндегісін ішіп қоюы мүмкін.
Бензинді жанып тұрған оттан,
жылу қайнарларынан жəне
ұшқынның басқа да ықтимал
қайнарларынан алшақ
ұстаңыз. Шылым шекпеңіз!
Жанармайды тек ашық ауада құйыңыз.
Жанар-жағар майды құйған кезде
шылым шекпеңіз.
Жанар-жағар май құяр алдында,
қозғалтқышты сөндіріңіз жəне
суытыңыз.
Қозғалтқышты қосар алдында оған
бензин құйыңыз. Жұмыс істеп тұрған
немесе əлі суымаған қозғалтқыштың
жанармай багын ашуға жəне оған
бензин құюға болмайды.
Жанармай багын артық
толтырмаңыз!
Жанармай орнының кеңеюіне
мүмкіндік беру үшін,
жанармай багын ешқашан
толтыру мойнының астыңғы
жиегінен асыра толтырмаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
қосымша нұсқауларды орындаңыз.
Егер бензин ағып кеткен болса, онда
алдымен бензинмен кірленген қабатты
тазартып болғаннан соң, қозғалтқышты
іске қосыңыз. Бензин булары
буланбағанша, оталдыратын əрекет
жасамаңыз (құрғақ шүберекпен сүртіп
жіберіңіз).
Ағып кеткен жанармайды əркез сүртіп
отырыңыз.
Егер бензин киімге тиіп кеткен болса,
киімді ауыстыру керек.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болса, жағармайы бар бакты
босату керек, бұл шара ашық ауада
жасалады.
4.3 Киім жəне əбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Тазалайтын жұмыстарды
істеген кезде, жұмыс
қолғаптарын киіңіз жəне ұзын
шашты жинап қойыңыз
(жаулық не бас киім киіңіз).
Құрылғымен жұмыс істеген
кезде денеге жабысып
тұратын сəйкес киім киіңіз,
мысалы, жұмыс халатының
орнына комбинезон. Ұсақтағышпен
жұмыс істегенде шəлі тарту, галстук,
əшекейлер тағуға, бос жіберілген
ленталар мен басқа да сыртқа шығып
тұратын киім элементтерін киюге тыйым
салынады.
Механизмнің айналмалы бөлшектеріне
шаш немесе киім бөлшектері түсуі
мүмкін. Бұл ауыр жарақаттарға əкеп
соқтыруы мүмкін.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Өткір жүздерден жəне ыстық
бөлшектерден зақымданбау үшін үнемі
қолғаппен жұмыс істеу керек.
Қозғалтқышы қосулы тұрған құрылғыны
тасымалдамаңыз. Тасымалдар
алдында қозғалтқышты сөндіріңіз,
жұмыс құралдарының тоқтауын күтіңіз
жəне түйіспелі оталдыру білтесін
суырып тастаңыз.
Қозғалтқыш суыған жəне жағармай багы
босатылған кезде ғана шапқышты
тасымалдаңыз.
«Тасымалдау» бөлімінің тармақтарын
ұстаныңыз. Онда, көгалшапқышты
тасымалдаған кезде, оны қалай көтеріп
бекіту керектігі жайында жазылған.
(Ö 13.)
Құрылғыны тек екеулеп, нұсқалған
жерлерінен ұстап қана тасымалдаңыз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Тасымалдау немесе тиеу барысындағы
қауіпсіздік үшін (əсіресе тиеу
рампаларын пайдаланғанда)
құрылғыны 15°-тан артық еңкейтуге
болмайды.
Құрылғыны жəне онымен бірге
тасымалданатын бөлшектерді жеткілікті
көлемдегі бекіткіш заттардың көмегімен
(қайыстар, арқандар жəне т.б.) жүк
тасығыш қабатқа бекітіңіз. Құрылғыны
бекітілмеген күйде ешқашан
тасымалдамаңыз.
STIHL компаниясы қозғауыш кішкентай
кетпенді көліктің кабинасында
(мысалы, жүксалғыш) емес, тиісті
тіркемемен немесе тиісті жүк
платформасымен тасымалдауды
ұсынады.

Table of Contents

Related product manuals