0478 403 9802 B - KK
472
● Жұмыс істеп болғаннан кейін
қозғалғыш механизмінің жетегін
ажыратыңыз (Ö 11.8), қозғалтқышты
өшіріңіз (Ö 11.7) жəне құрылғыны
тазалаңыз (Ö 12.2).
12.1 Қопсытқыш
жұлдызшаларды орнату
● Құрылғыны (қозғалтқыш,
трансмиссия) толығымен суытыңыз.
● Мотокультиваторды тазалау
позициясына келтіріңіз. (Ö 12.2)
● Өсімдіктерді қорғауға арналған
дискіні бөлшектеу:
Шплинттің (1) сақтандырғыш
қапсырмасын ашып, шплинтті
тартыңыз. Өсімдіктерді қорғауға
арналған дискіні (2) шешіңіз.
● Қопсытқыш жұлдызшаларды
бөлшектеу:
Шплинттің (3) сақтандырғыш
қапсырмасын ашып, шплинтті
тартыңыз. Қопсытқыш
жұлдызшалардың барлығын (4)
шешіңіз.
● Сақтандырғыш шығыршықты (5)
шешіңіз де қауіпсіз жерге сақтауға
қойыңыз – жоғалтып алмаңыз!
12.2 Құрылғыны тазалау
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолданған соң
● Əр пайдаланғаннан кейін бүкіл
құрылғыны мұқият тазалап шығу
керек. Жақсы күтім құрылғыны
зақымдалудан қорғайды жəне
қолдану мерзімін ұзартады.
● Тазалау алдында құрылғыны
толықтай суытыңыз, от алдыру
білтесі сымының штекерін суырып
тастаңыз жəне беріліс қорабымен
жəне қопсытатын жұлдызшалармен
жұмыс істеген кезде ұзын жеңді киім
мен жұмыс қолғаптарын киіңіз.
Тазалау позициясы:
● Тасымалдауға арналған
доңғалақтарды шығарыңыз. (Ö 11.4)
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін ең
жоғарғы позицияға қойыңыз. (Ö 11.2)
● Қозғауыш кішкентай кетпенді тегіс
жəне қатты жерге апарыңыз.
● Бас тұтқа жерге тиетіндей етіп,
құрылғыны артқа аударыңыз.
Тазалау жөніндегі нұсқаулар:
● Жиналған балшық пен органикалық
қалдықтарды қылшақпен, ылғалды
матамен немесе дөңбекпен
тазалаңыз – қатқыл тазалайтын
құралдарды пайдаланбаңыз. STIHL
компаниясы арнай тазалағыш
құралдарды пайдалануға кеңес
береді (мысалы,STIHL тазартқыш
құралы).
● Ешқашан суды бас тұтқаға, іштен
жанатын қозғалтқыштың бөліктеріне,
тығыздауыштар мен мойынтірек
орнатылған жерлерге бағыттамаңыз.
Бұл қымбат жөндеу қажеттілігін
тудырады.
12. Техникалық қызмет
көрсету
Жарақат алу қаупі бар!
Бұйымға қызмет көрсететін
немесе тазартатын барлық
жұмыстарды өткізер алдында,
«Сіздің денсаулығыңыз туралы»
(Ö 4.), əсіресе «Қызмет көрсету
жəне жөндеу» (Ö 4.7)бөлімін
оқып, барлық қауіпсіздік
талаптарын сақтау керек.
Техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын
орындаудан жəне
тазалайтын
жұмыстарды орындаудан бұрын
тұтандыру білтелерінің түйіспе
ұштарын алып тастаңыз!
Егер трансмиссия корпусы
жанындағы шплинт түсіп қалса,
өсімдіктерді қорғау дискісімен
бірге фреза жинағы жетек
білігінен ұшып кетуі мүмкін.
Қопсытқыш жұлдызшалардағы
монтаж жұмыстары кезінде
«Қопсытқыш жұлдызшаларды
монтаждау» (Ö 7.7), (Ö 7.8) жəне
«Қопсытқыш жұлдызшалардың
амалдары» (Ö 10.3) тарауындағы
нұсқауларды орындаңыз.
28
29
Құрылғының зақымдалуына
жол бермеңіз!
Қозғауыш кішкентай кетпенді
көрсетілген күйде тек қысқа
мерзім ішінде ұстауға болады
(тазалау жəне техникалық қызмет
көрсету кезінде). Сақтау
барысында құрылғы тік тұруы
тиіс.