EasyManua.ls Logo

Stihl MH 685 - Page 461

Stihl MH 685
486 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
459
AZKK
0478 403 9802 B - KK
4.7 Техникалық қызмет көрсету жəне
жөндеу
Тазалау, орнату, жөндеу жəне
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын бастамас бұрын:
Құрылғыны берік, тегіс жерге
қойыңыз,
Іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз жəне суытыңыз,
От алдыру білтесі
сымының штекерін
шығарыңыз.
Назар аударыңыз жарақат
алу қаупі бар!
От алдыру білтесі сымының штекерін от
алдыру білтесінен алшақ ұстаңыз,
себебі күтілмеген ұшқын өрт не ток
соғуға əкелуі мүмкін.
От алдыру білтесінің от алдыру білтесі
сымының штекеріне абайсыз тиюі іштен
жанатын қозғалтқыштың күтілмеген іске
қосылуына əкелуі мүмкін.
Құрылғыны тазалағанда жəне
техникалық қызмет көрсеткенде артқа
еңкейтіңіз. Егер құрылғы алдыңғы
жағымен немесе бүйірінен жатса, ұзақ
жөндеу қажет болатын қозғалтқыштың
жəне басқа бөлшектердің зақымдануы
мүмкін.
Трансмиссия, қозғалтқыш, шығаратын
коллектор жəне тұншықтырғыш
аймағына техникалық қызмет көрсетер
алдында қозғалтқышқа суу үшін уақыт
беріңіз. Температурасы 80°С жəне
одан да жоғары болуы мүмкін. Жану
қаупі бар!
Мотор майымен тікелей жанасу қауіпті
болуы мүмкін, оған қоса, мотор майын
төгуге болмайды.
STIHL компаниясы мотор майын құю
жəне мотор майын ауыстыру үшін
STIHL делдалдарына жүгінуді ұсынады.
Құрылғыны тозу белгілері мен
зақымдардың болуына тұрақты тексеріп
отырыңыз, əсіресе ұзақ уақыт
пайдаланбай қоятын кезде
(мысалы, қыс мезгілінің алдында).
Қауіпсіздік түсінігіне орай, тозған жəне
зақымданған бөлшектерді дереу
ауыстыру керек, соның арқасында
құрал қауіпсіз əрі қалыпты қолданыс
жағдайында болады.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. (Ö 12.2)
Жиналған қалдықты ағаш таяқпен
кетіріңіз. Құрылғының төменгі бетін
қылшақпен жəне сумен жуыңыз.
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұлар пластиктің
немесе металдың зақымдалуына
əкеліп, STIHL құрылғысының қауіпсіз
жұмысына теріс əсер етуі мүмкін.
Құрылғының төменгі жағын (қалқаннан
төмен барлық бөлшектерді) жоғары
қысымды тазалағышпен немесе бумен
тазалауға рұқсат етіледі. Осы кезде кем
дегенде бір метр қашықтықты сақтау
керек жəне подшипниктер мен
тығыздаушылар орнатылған жерге
суды бағыттауға болмайды əсіресе
трансмиссия корпусы мен қалқан
арасындағы тығыздалған жерлерге.
Өрттің туындау қаупін азайту үшін,
желдеткіш тесіктер, суытқыш қырлар
жəне пайдаланылған газдарды
шығаратын құбырдың жанында: шөп,
сабан, мүк, қураған жапырақ жəне ағып
кеткен майлаудың болмағанына
көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
жағдайда дереу делдалға
хабарласыңыз.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
əйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Əсіресе, қозғауыш кішкентай
кетпенді зақымдалған немесе
иілген жетек білігімен немесе
зақымдалған жұмыс
құралдарымен пайдалануға
болмайды.
Қандай да кеңестер қажет болған
жағдайда, барлық қажетті
жұмыстарды кəсіпқой маманға
орындауға беріңіз STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.

Table of Contents

Related product manuals