11 Көгалшапқышпен жұмыс
істеу
11.1 Көгалшапқышты ұстап тұру
және бағыттау
► Бас тұтқаны екі қолмен бас бармақ бас
тұтқада жататындай етіп ұстап тұрыңыз.
11.2 Кесік биіктігін реттеу
7 кесік биіктігін реттеуге болады:
–
30 мм = 1-позиция
–
40 мм = 2-позиция
–
50 мм = 3-позиция
–
55 мм = 4-позиция
–
65 мм = 5-позиция
–
70 мм = 6-позиция
–
80 мм = 7-позиция
Позициялар көгалшапқышта көрсетілген.
Кесік биіктігін реттеу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Иінтіректі (1) ойықтан тартып алыңыз да,
қалаулы позицияға қойыңыз.
11.3 Қозғалғыш механизм жетегін
қосу және өшіру
11.3.1 Қозғалғыш механизм жетегін қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Қозғалтқышты іске қосыңыз.
► Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырын (1) бас тұтқаға қарай
толықтай тартып, бас бармақ бас тұтқада
жататындай етіп ұстаңыз.
Көгалшапқыш қозғала бастайды.
11.3.2 Қозғалғыш механизм жетегін өшіру
► Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырын жіберіңіз.
► Көгалшапқыш тоқтағанша күтіңіз.
11.4 Шабу
► Қосылған қозғалғыш механизм жетегімен
жұмыс істеген жағдайда: көгалшапқышты
бақылап алға қарай жылжытыңыз.
► Өшірілген қозғалғыш механизм жетегімен
жұмыс істеген жағдайда: көгалшапқышты
баяу және бақылай отырып алға қарай
жылжытыңыз.
қазақ 11 Көгалшапқышпен жұмыс істеу
264 0478-111-9848-B