IM2022
56
Қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды. Пісіру жабынын орнатудың немесе қолданудың
алдында төменде келтірілген ақпаратты мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз.
Монтаждау
Электр тогымен зақымдалу қаупі
• Қандай да бір жұмыстарды орындаудың немесе техникалық қызмет көрсетудің алдында
аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
• Сенімді жерге тұйықтау жүйесіне қосу қажет және міндетті болып табылады.
• Үйдегі электр сымдар жүйесін білікті электрші ғана өзгертуі тиіс.
• Бұл кеңесті сақтамау электр тогымен зақымдалуға немесе өлімге әкеле алады.
Жаралану қаупі
• Абай болыңыз - панельдердің шеттері өткір.
• Сақ болмау жарақаттарға немесе жаралануға әкелуі мүмкін.
Қауіпсіздік бойынша маңызды нұсқаулықтар
•Осы аспапты орнатудың немесе қолданудың алдында осы нұсқаулықтарды мұқият оқып
шығыңыз.
• Ешқашан осы аспапқа жанғыш материалдарды немесе өнімдерді қоюға болмайды.
• Өтінеміз, бұл ақпаратты пісіру жабынын орнату үшін жауапты адамға беріңіз, өйткені бұл
орнату шығындарыңызды азайтуы мүмкін.
• Қауіпті болдырмау үшін осы аспапты орнату жөніндегі осы нұсқаулықтарға сәйкес орнату
қажет.
• Бұл аспап тек қана білікті маманмен дұрыс орнатылуы және жерге тұйықталуы тиіс.
• Бұл аспап қуат көзінен толықтай сөндіруді қамтамасыз ететін айырғышы бар тізбекке
қосылуы тиіс.
• Құрылғыны дұрыс емес орнату кепілдіктің немесе жауапкершіліктің күшін жоюға әкеле
алады.
• Егер бұйым біраз уақыт 0 ºC-тан төмен температурада болса, оны қосар алдында оны
кемінде 2 сағат бөлме жағдайында ұстау керек.
Пайдалану және қызмет көрсету
Электр тогымен зақымдалу қаупі
• Сынып қалған немесе жарылған пісіру жабынында дайындамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер жабын жарылып қалса — электр тогымен зақымдануды
болдырмау үшін аспапты сөндіріңіз.
• Тазартудың немесе қызмет көрсетудің алдында пісіру жабынын желіден ажыратыңыз.
• Бұл кеңесті сақтамау электр тогымен зақымдалуға немесе өлімге әкеле алады.
Денсаулық қатері
• Бұл аспап электрмагниттік қауіпсіздік стандарттына сай келеді.
• Дегенмен, жүрекынталандырғыштары немесе басқа электрлік имплантаттары (инсулиндік
помпалар сияқты) бар адамдар электрмагниттік өріс олардың имплантаттарына әсер
етпейтініне көз жеткізу үшін осы құрылғыны қолданбас ұрын өз дәрігерімен немесе
имплантаттардың өндірушісімен кеңесуі тиіс.
• Бұл кеңесті сақтамау өлімге әкелуі мүмкін.