EasyManua.ls Logo

Viking MB 443 - Жұмыс Уақытында

Viking MB 443
362 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
0478 111 9823 F - KK
340
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз. Биік
шөпте ағаш түбірі мен ағаш
томары секілді кедергіні байқамай
кетуге де болады.
Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
Құрылғыны пайдалану алдында
ақаулы, сонымен қатар барлық басқа
тозған жəне зақым келген бөлшектерді
алмастыру керек. Құрылғыдағы анық
емес немесе зақымдалған қауіп жəне
ескерту белгілерін жаңартыңыз. VIKING
делдалыңызда алмастырушы
жапсырмалар мен барлық басқа
алмастырушы бөліктер бар.
Құрылғыны пайдаланар алдында от
алдыру білтесі сымының штекері жағу
шамына сенімді орнатылғандығына көз
жеткізіңіз.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құралды ғана қолданыңыз. Жұмысты
бастар алдында мынаны тексеру керек:
– құралдың дұрыс орнатылғаны.
– кескіш құрал жəне барлық кескіш
бөліктің (шабу пышағы, нығайтқыш
элементтер, шапқыш тетіктің
корпусы) мінсіз күйі. Бас назарды
бекіткіштің қауіпсіздігіне, бүлінген
жерлеріне (жарықтар немесе
сызаттар), сондай-ақ тозғанына
аударыңыз.(Ö 12.4)
– отын багінің қақпағы дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
– жағармай багі мен жағармай өткізетін
бөліктердің, сондай-ақ жағармай багі
қақпағының мінсіз күйі.
– қауіпсіздік құрылғылары
(мысалы, стоп-мотор тұтқасы,
қалдықтарды түсіріп тастауға
арналған жапқыш, корпус, меңгерік,
қорғаныш торы).
– шөпжинағыштың зақымданған
жерлерінің жоқтығы жəне дұрыс
орнатылғандығы; зақымданған
шөпжинағышты қолдануға
болмайды.
– бұрандалы тығынның майлы
сұйыққоймаға дұрыс бұралуы.
Қажет болғанда барлық қажетті
жұмыстарды жасаңыз немесе делдалға
жүгініңіз. VIKING компаниясы VIKING
делдалдарын ұсынады.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Əсіресе, стоп-мотор
тұтқасын басқаратын тұтқаға бекітпеу
керек (мысалы, байлау арқылы).
Назар аударыңыз: жарақат
алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектердің
жанына қол-аяқтарыңызды
ешқашан жақындатпаңыз. Айналмалы
пышақты ұстамаңыз. Қалдықтарды
лақтыратын саңылаудан едəуір
қашықтықта тұрыңыз.
Жұмыс істеп тұрған шапқыштан əркез
қауіпсіз қашықтықта тұрыңыз. Тұтқасы
тиісті тұрпатта монтаждалуға тиіс,
құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Пайдаланылып болған газ:
Қозғалтқыш əзірше істеп
тұрғанша құрылғы
пайдаланылып болған газды
шығарады. Бұл газдардың
құрамында улы көміртегінің қос тетігі,
түссіз жəне иіссіз газ, жəне басқа да
Улану арқылы өлім қауіп-қатері
бар!
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған,
көру қабілетіңіз нашарлаған
(мысалы, көру ауқымы азайса),
есту қабілетіңіз нашарласа,
басыңыз айналса, зейін қою
қабілеті төмендесе, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Бұл
симптомдар жанатын өнімдердің
жоғары мөлшеріне байланысты
болуы мүмкін.

Table of Contents