EasyManua.ls Logo

Vitek VT-1652 - Page 28

Vitek VT-1652
68 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
28
ҚАЗАҚ
ОРНАТЫЛУЫ
Іске қосу алдында, электр желісіндегі кернеу құрылғы корпусында көрсетілген кернеуге сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Пештен барлық орау элементтері жойылғанынак көз жеткізіңіз.
Жұмыс камерасы ішіндегі АЖЖ толқындары шығатын жерден (6), магнетронды қорғауға арналған
ақшыл сұр шақпақ тасты тілімді жоймаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұйымның келесі бұзылулары жоқ екеніне көз жеткізіңіз: есігі майысқан немесе
сынған, бекітуі топсалары немесе ілгектері сынған немесе босап кеткен пештің корпусындағы немесе
есігіндегі майысулар. Кез-келген бұзылу кезінде микротолқынды пеш ті пайдалануға тыйым салынады.
Микротолқынды пешті оның салмағын жəне оның ішінде дайындалатын азық-түліктің максималды
салмағын көтере алатын қатты түзу бетке орнатыңыз. Кішкентай балалар жете алмайтын, пешті
орнататын жерді таңдаңыз.
Пешті ылғалдыылығы жоғары жəне жоғары температурасы бар жерлерде, сонымен қатар тез
тұтанатын заттардың қасында орнатпаңыз.
Пештің дұрыс қызмет етуі үшін жақсы желдетіс қажет.
Бос кеңістікті қамтамасыз етіңіз: 30 см пештің үстінен, 7-8 см – оның артынан жəне пештің екі
жағынан. Бұйымның корпусындағы кез-келген саңылауларды жаппаңыз жəне бөгеттемеңіз. Пештің
түбіндегі аяқшаларды шешпеңіз.
Шыны табақ пен шығыршық сақина болмағанда пешті пайдалануға тыйым салынады.
Желілік кабельдің бүлінулері жоқ екеніне жəне ол пештің астымен немесе кез-келген ысытқ немесе
үшкір беттермен өтпейтініне көз жеткізіңіз.
МИКРОТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ҚҰРАСТЫРУ
Пештің жұмыс камерасынан орайтын материалдар мен жабдықтарды алыңыз.
Микротолқынды пешті бүлінулердің болуына тексеріңіз. Пеш есігінің дұрыстығына ерекше назар
аударыңыз. Егер сіз қандай да бір ақаулықты тапсаңыз, микротолқынды пешті орнатпаңыз жəне іске
қоспаңыз.
Қорғаныс қаптау
Корпусы: егер қорғаныс қаптау болса, оны корпустың бетінен жойыңыз.
Жұмыс камерасы ішіндегі АЖЖ толқындары шығатын жерден (6), магнетронды қорғауға
арналған ақшыл сұр шақпақ тасты тілімді жоймаңыз.
Шыны тостағанды орнату
Айналатын табақтың тіреуін (4) жұмыс камерасының түбінде орналасқан саңылауға орнатыңыз.1.
Айналатын шығыршықты сақинаны (5) жұмыс камерасының түбіне орнатыңыз.2.
Абайлап шыны табақты (3) шығыршықты сақинаға, табақтағы шығыңқыларды тіреудегі (4) 3.
ойықтармен сəйкестендіріп орнатыңыз.
Ешқашан шыны табақты төменгі жағымен жоғары қарай орнатпаңыз.
Пештің жұмыс істеуі уақытында шыны табақтың айналуын бөгеттемеңіз.
Азық-түлікті дайындағанда əрқашан шыны табақты жəне шығыршықты сақинаны пайдаланыңыз.
Азық-түлікті дайындауға арналған ыдысты əрқашан тек шыны табаққа орнату қажет.
Шыны табақ сағат тілі бойынша/қарсы айналуы мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс.
Шыны табақта жарықтар немесе нақыстар пайда болса, пешті пайдаланбаңыз жəне табақты
айырбастаңыз.
ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
Іске қосу алдында, электр желісіндегі кернеу, құрылғыкорпусында көрсетілген кернеуге сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
VT-1652 BELORUS.indd 28VT-1652 BELORUS.indd 28 09.08.2011 17:17:5409.08.2011 17:17:54

Related product manuals