EasyManua.ls Logo

Vitek VT-1830 - Page 33

Vitek VT-1830
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
33
ҚАЗАҚША
жұмыс істеу үшін жиналмалы ыдысқа (4) оның
артқы қабырғасында белгіленген «Clean water
Fill line» тәуекелге дейін су құбырынан таза
сумен толтыру керек. Жиналмалы ыдыста (4)
таза сусыз тазалау кезінде шаңсорғыштың
қозғалтқышы істен шығуы мүмкін, ол өндірушінің
берген кепілінен айыруға әкелуі мүмкін.
Жиналмалы ыдысқа су толтыру
Шаңсорғыштың өшірулі және электрлік
желінің розеткасынан ажыратылғандығына
көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштан иілмелі құбыршекті (26) алып
тастаңыз. Жоғарғы қақпақтың бекіткішін (3)
жоғары тартыңыз (C1-сурет) және қақпақты
(15) вертикаль күйде бекітілгенге дейін жоғары
көтеріңіз.
Шаңсорғыштан жиналмалы ыдысты (4)
шығарыңыз (C2-сурет).
Жиналмалы ыдыстың (4) қақпағын шешіп, оны
шетке қойыңыз (C3-сурет).
Жиналмалы ыдысқа (4) оның (4) артқы
қабырғасында орналасқан «Clean water Fill
line» белгіге дейін таза сумен толтыру керек
(C4-сурет). «Clean water Fill line» тәуекел
белгісі 0,9 л таза судың көлеміне сәйкес келеді.
Суға арналған ыдысты (4) жоғарғы қақпағымен
тығыз жабыңыз (C5-сурет).
Су құйылған ыдысты (4) қайтадан
шаңсорғышқа орнатыңыз (C5-сурет).
Құрғақ тазалауға арналған жинақты
жұмысқа дайындау
Жоғарғы қақпақтың бекіткішін (3) жоғары
тартыңыз (A1-сурет) және қақпақты (15) вер-
тикаль күйде бекітілгенге дейін көтеріңіз.
Жиналмалы ыдыстың (4) жоғарғы бөлігінің
терең жағына жабық бүйір тесігі бар ақ түсті
сепараторды (35) орналастырыңыз (A3-сурет)
және оны толық бекітілгенге дейін басыңыз
(A2-сурет) Сеператор (35) ауаны сулы
сүзгішпен құрғақ тазалауға арналған.
Шаңсорғыштың жоғарғы қақпағын (15)
жабыңыз. Құбыршектің (26) негізіндегі
нұсқағышты шаңсорғыштың корпусындағы
нұсқағышпен біріктіріңіз. Икемді
құбыршектің (26) негізін шаңсорғыштың
алдыңғы бөлігіндегі тиісті тесікке салыңыз.
Құбыршекті (26) тесікке бекіту үшін иілмелі
құбыршектің негізін сағаттың тілі бойынша
шаңсорғыштың корпусындағы белгіге
дейін бұраңыз.
Иілмелі құбыршектің (1) қолсабына
телескопиялық түтікті (27) бекітіңіз (A5-сурет)
Телескопиялық түтікке еден мен кілем
жабынына арналған аралас қондырманы
(24), турбо-қылшақты (25) немесе қатты
еденге арналған қондырманы (28) қосыңыз
(A6-сурет).
Жылжымалы қылшағы бар еден және кілем
жабындарына арналған аралас қондырманы
(24) тегіс, қатты еден мен кілем беттерін
құрғақ тазалау үшін пайдалануға кеңес
беріледі. Еденнің қатты беттерін тазалау үшін
қылшақты жылжытыңыз. Кілем жабынын таза-
лау үшін қылшақты алып тастау керек.
Қылшақтың күйін өзгерту үшін қондырма
корпусының (24) жоғарғы бөлігінде орналасқан
ауыстырғышты пайдаланыңыз (A7-сурет)
Турба-қылшақ (25) қысқа түгі бар кілемдерді
тазалауға арналған. Оның көмегімен кілем
жабынынан қатты сіңген кірлерді, жіптерді,
шаш пен жануарлардың жүнін жинауға болады.
Қатты еденге арналған қондырма (28) табиғи
түкке ұқсайтын қылшақтың арқасында
еденнің бетін мұқият және ұқыпты тазала-
уды қамтамасыз етеді. Бұл ағаш едендерді
ұқыптап күтуге мүмкіндік береді.
Қаптаманы, жиһазды немесе қол жетуі қиын
жерлерді тазалау үшін қондырмалардың
біреуін (32-34) қолсапқа (1) бекітіңіз
(A8-сурет).
Саңылауларға арналған қондырманы (32) қол
жетуі қиын жерлерді тазалау үшін пайдалануға
болады.
Шаңға арналған қылшақ (33) әртүрлі жиһазды
ұқыптап тазалауға арналған.
Шаңғы арналған қондырманы (34) жұмсақ
жиһазды тазалау үшін қолдануға кеңес
беріледі.
ЫЛҒАЛДЫ ТАЗАЛАУ ТӘРТІБІ
Сұйықтыққа арналған ыдысқа таза құрал толтыру.
Шаңсорғыштың өшірулі және электрлік
желінің розеткасынан шығарылғандығына көз
жеткізіңіз.
Шаңсорғыштан иілмелі құбыршекті (26) және
сұйықтық беретін түтікті (13) ажыратыңыз.
Оны ажырату үшін коннектордың (14) кез-
келген жағын басыңыз.
Жоғарғы қақпақтың бекіткішін (3) жоғары
тартыңыз (D1-сурет) және қақпақты (15)
вертикаль күйде бекітілгенге дейін жоғары
көтеріңіз.
Шаңсорғыштан жиналмалы ыдысты (4)
шығарып, бір шетке қойыңыз (D1-сурет).
Шаңсорғыштан сұйықтыққа арналған ыдысты
(18) шығарыңыз (D3-сурет).
Ыдыстың қақпағын (18) шешіп алып, оны
алдын-ала дайындалған тазалайтын
құралмен немесе 60°C аспайтын температу-
расы бар таза жылы сумен толтырыңыз.

Related product manuals