34
Ескертпе: Ыдысты (18) толтыру үшін тем-
пературасы 60°C асатын қатты ыстық суды
пайдалануға болмайды. Ішінде суы толған ыды-
сты (18) микро толқынды пеште қыздыруға
тыйым салынады.
•
Ыдыстың (18) қақпағын бұрап жабыңыз.
•
Сұйықтыққа арналған ыдысты (18) және жинал-
малы ыдысты (4) қайтадан шаңсорғышқа
орнатыңыз.
•
Жоғаоғы қақпақты (15) бекіткіштің (3) сипатты
шертпесіне дейін жабыңыз.
•
Шаңсорғышқа иілмелі құбыршекті (26) және
түтікті (13) қосыңыз.
Тазалайтын құралдар
•
Кілемдерді, қаптаманы машиналық тазартуға
арналған тазалайтын құралдарды неме-
се еден мен терезені машиналық жууға
арналған тазалайтын құралдарды ғана пай-
далану керек. Басқа тазалайтын құралдар
шаңсорғышты бұзуы мүмкін.
•
Тазалайтын ерітінділер дайындаған кезде
олардың өндірушілерінің қаптамасында
көрсетілген нұсқаулар мен мөлшерлемені
назарға алыңыз.
•
Герметикалық жіктері бар (тақтайша ж.т.б.)
тегіс еденді тазалау үшін еденге арналған
тазалатын құралды пайдалану керек.
•
Кілемдер мен қаптамаларды тазалау үшін дәл
соларға арналған тазалайтын құралдарды
пайдалану керек.
•
Тазалайтын құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтау керек.
Назар аударыңыз! Шаңсорғыштың ішкі
бөліктерінің бұзылуы себебі бойынша өрттің
шығу немесе электрлік ток соғу қауіптілігін
азайту үшін кілемді, еденді, терезені және жиһаз
қаптамасын машиналық тазалауға арналған
тазалайтын құралдарды ғана пайдалану керек.
Өз орнына дұрыс орнатылған сүзгіші жоқ
шаңсорғышты пайдалануға болмайды.
Ылғалды тазалауға арналған жинақты
жұмысқа дайындау
•
Жоғарғы қақпақтың бекіткішін (3) жоғары
тартыңыз (B1-сурет) және қақпақты (15) вер-
тикаль күйге бекітілгенге дейін бекіту үшін оны
жоғары көтеріңіз.
•
Жиналмалы ыдыстың (4) жоғарғы бөлігінің
терең жағына ашық бүйір шығысы бар көк
түсті сепараторды (36) орналастырыңыз
(B3-сурет) және оны толық бекітілгенге дейін
басыңыз (B2-сурет). Сепаратор (36) ылғалды
тазалауға арналған.
•
Шаңсорғыштың жоғарғы қақпағын (15)
жабыңыз. Құбыршектің (26) негізіндегі
нұсқағышты шаңсорғыштың корпусындағы
нұсқағышпен біріктіріңіз. Икемді
құбыршектің (26) негізін шаңсорғыштың
алдыңғы бөлігіндегі тиісті тесікке салыңыз.
Құбыршекті (26) тесікке бекіту үшін иілмелі
құбыршектің негізін сағаттың тілі бойынша
шаңсорғыштың корпусындағы белгіге
дейін бұраңыз.
•
Түтіктің ұшын (13) шаңсорғыштың алдыңғы
жағында орналасқан бекіткіштің шертпесіне
дейін коннектордың (14) тесігіне орнату керек
(B5-сурет).
•
Иілмелі құбыршектің (1) қолсабына
телескопиялық түтікті (27) бекітіңіз (B6-сурет).
•
Телескопиялық түтікке (27) еденді ылғалды
тазалауға арналған қондырманы (30) бекітіңіз
(B7-сурет). Қаптаманы ылғалды тазалауға
арналған қондырма (31) тікелей иілмелі
құбыршектің қолсабына (1) бекітіледі.
•
Телескопиялық түтікке (27) жуатын
сұйықтықты беретін түтікті бекітуге қажетті
қысқыштарды (12) бекітіңіз (B8-сурет). (Тек
қана (30) қондырмамен жұмыс істеу үшін
қолданылады).
•
Түтіктің қондырмасын қолсаптағы (1)
коннекторға бекітіңіз және оны бекітілгенге
дейін сағат тілі бойынша бұраңыз (B9-сурет).
СҰЙЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ТӘРТІБІ
1. Ылғалды тазалаудың тәртібіне арналған
жинақтың нұсқаулары бойынша әрекет
етіңіз. Шаңсорғышта ылғалды тазалауға (36)
арналған көк түсті сепаратор орнатылған
болуы керек.
2. Түтіктің (13) ұшын коннектордан (14)
ажыратыңыз.
3. Телескопиялық түтікке (27) қондырманы (29)
бекітіңіз.
Шаңсорғышты қосу
Жұмысты бастамас бұрын желілік кабельді
қажетті ұзындыққа шығарыңыз да, желілік ашаны
розеткаға сұғыңыз. Желілік шоғырсымдағы сары
белгі шоғырсымның макималдық ұзындығы
туралы ескертеді. Желілік шоғырсымды қызыл
белгіден әрі тартуға тыйым салынады.
Назар аударыңыз! Шаңсорғышты үнемі дұрыс
орнатылған ішінде суы бар жиналмалы ыдыспен
және дұрыс орнатылған сепаратормен және
сүзгіштермен ғана қосу керек.
•
Шаңсорғышты іске қосу үшін қосу/сөндіру
түймесін (9) басыңыз.
•
Сіз жұмыс кезінде тазалаудың таңдалған
түріне байланысты сенсорлық реттеудің «+»
немесе басқару панеліндегі «-» көмегі (8)
арқылы сору қуаттылығын ауыстыра аласыз.