EasyManua.ls Logo

Vitek VT-1830 - Page 38

Vitek VT-1830
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
38
ҚАЗАҚША
Әрбір пайдаланғаннан кейін толық тазалау
Алдыңғы «Жылдам тазалау» бөлімінде
(1-8 тармақтары) берілген нұсқаулар бойын-
ша әрекет етіңіз және ары қарай төменде
берілген нұсқауларды жалғастырыңыз.
Жиналмалы ыдыстан (4) НЕРА-сүзгішті
шығарыңыз (G1-сурет) және оны таза ағын
судың астында жуыңыз. НЕРА-сүзгішті бөлме
температурасында кептіруге қалдырып, арты-
нан оны өзінің орнына орнатыңыз. Қатты
толып кеткен жағдайда қолданылған НЕРА-
сүзгішті жаңасына ауыстырыңыз.
Жиналмалы ыдыстың (4) қақпағынан айдама
тетігінің модулін шешіңіз. Ол үшін оның кор-
пусын сағат тіліне қарсы бұраңыз, оны жинал-
малы ыдыстың қақпағынан ажыратып, өзіңізге
тартыңыз. (G2-сурет).
Айдама тетігінің корпусынан айдаманы
шығарыңыз (G3-сурет).
Жиналмалы ыдыстың қақпағының ішкі
бөлігінен қатты тазалау сүзгішін шығарыңыз
(G4-сурет).
Айдама мен қатты тазалау сүзгішін таза ағын
судың астында жуыңыз және бөлме темпера-
турасы кезінде кептіріңіз.
Қатты тазалаудың құрғақ сүзгішін жоғарғы
қақпақтың бекітілетін тесігіне орнатыңыз.
Айдаманы айдамалы тетік корпусына түсіріңіз.
Жиналған торапты қайтадан қақпақтың ішкі
жағына оны тірелгенге дейін сағат тілі бойын-
ша бұрап бекітіңіз.
Жиналмалы ыдыстың (4) қақпағында
сепаратордың керекті түрін бекітіңіз.
Жиналмалы ыдысты (4) қақпақпен жауып,
қайтадан шаңсорғышқа орнатыңыз.
Бекіткіш (3) шертілгенге дейін шаңсорғыштың
жоғарғы қақпағын (15) тығыз жабыңыз.
Иілмелі құбыршек (6) пен сұйықтық беретін
түтікті (13) орнатыңыз.
Ескертпе: Егер жиналмалы ыдыстың (4) алыс
камерасында кеуіп қалған кір пайда бола баста-
са, онда бірінші ыдыстың ішінен ластанған суды
ақырын және абайлап шығарыңыз және содан
кейін ғана камера қабырғаларына жабысқан
құрғақ кірлерді алып тастаңыз.
Шаңсорғышты сақтауға бөлшектеу және
дайындау
Назар аударыңыз!
Өрт, электр тогы соғу немесе жарақат
алу қауіптілігін азайту үшін шаңсорғышты
тазалау, күтім көрсету немесе пайда болған
мәселені шешуді алдында оны электрлік
желінің розеткасынан өшіріңіз.
Шаңсорғыштан сұйықтық ағуы қауіптілігін
азайту үшін оны вертикаль күйде неме-
се қоршаған ортаның температурасы 4°С
төмен түсуі мүмкін үй-жайда сақтауға бол-
майды. Басқа жағдайда бұл шаңсорғыштың
ішкі бөлшектерінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Шаңсорғышты электрлік желі розеткасы-
нан шығарыңыз. Қуаттау шоғырсымының
айырын ұстап, шоғырсымды қайтадан
шаңсорғышқа орау үшін батырманы (7)
басыңыз. Шоғырсымның толық оралуына
назар аударыңыз.
Шаңсорғыш корпусындағы коннекторды (14)
кез-келген жаққа қарай басыңыз және түтікті
(13) коннектордан (14) шешіңіз.
Шаңсорғыштан иілмелі құбыршекті (6)
ажыратыңыз. Иілмелі құбыршектен (6) өзіне
бекітілген барлық жабдықтарды шешіңіз. Судың
қалдықтары құбыршектен еденге ағып кетпеуі
үшін мұқият болыңыз. Иілмелі құбыршектен (6)
судың қалдықтарын шығарып тастаңыз.
Иілмелі құбыршекті (6) таза сумен жуыңыз
және сақтауға қоярдың алдында оны
толығымен кептіріңіз.
Егер сіз қатты еденді ылғалды тазалауға
арналған қондыманы (37) пайдаланған
болсаңыз, онда одан суға арналған рәзіңкелік
айдаманы (38) шешіңіз Оны жуыңыз және
құрғатыңыз.
Ылғалды тазалауға арналған негізгі
қондырмасы (30) бар қондырманы (37)
шешу үшін қондырма (30) корпусының артқы
бөлігіндегі бекіткіштің батырмасын басып,
бір уақытта қондырманы (37) тартыңыз
(К1-сурет). Қондырманың (30) сол жақ
бүйірінде орналасқан бекіткіштің батырмасын
басыңыз және қондырманы (37) толығымен
шешіп алыңыз (К2-сурет).
Сұйықтықты беретін түтіктер ылғалды
тазалауға арналған қондырманың екі жағынан
оларды шашырататын бүріккіштердің ұшынан
ажырату жолы арқылы ғана шешіледі
(К3-сурет).
Ылғалды тазалау мен су жинауға арналған
барлық шешілмелі аксессуарларды, оларды
сақтауға алып қоярдың алдында таза ағын
сумен жуу және толық кептіру керек.
Телескопиялық түтікке (27) немесе иілмелі
құбыршектің түтігіне (26) жабысқан
жануарлардың жүні, шаштар ж.т.б. алып
тастаңыз. Ротациялық қылшаққа (25) оралған
шаштарды оңай алып тастау үшін оларды
қайшымен кесуге болады. Қажет болған кезде
аксессуарларды жай ылғалдандырған мата-
мен сүртіп, артынан оны құрғатып сүрту керек.
Шаңсорғыштың корпусын суға немесе басқа
сұйықтықтарға батыруға және оны ағын судың
астында жууға болмайды.

Related product manuals