EasyManua.ls Logo

Vitek VT-1830 - Page 39

Vitek VT-1830
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
39
ҚАЗАҚША
Егер шаңсорғыш корпусының сыртқы беті
ластанған болса, онда оны ылғалды матамен
сүртіңіз.
Шаңсорғыш корпусының ішіне сұйықтықтың
тиюіне жол бермеңіз.
Шаңсорғыштың және металл жәке мен
қылшақтардың аксессуарларының бетін таза-
лау үшін еріткіштерді немесе абразивтік әсері
бар тазалайтын құралдарды тазалауға тыйым
салынады.
КҮТІМІ
Назар аударыңыз! Өрт, электр тогы соғу
немесе жарақат алу қауіптілігін азайту үшін
шаңсорғышты тазалау, күтім көрсету немесе
пайда болған мәселені шешуді алдында оны
электрлік желінің розеткасынан өшіріңіз.
Кіріс сүзгіш
Шаңсорғыштың жоғарғы қақпағын (15) ашыңыз,
жинайтын ыдысты (4) және сұйықтыққа
арналған ыдысты (18) шығарыңыз.
Шаңсорғыштың негізінде (5) кіріс сүзгіштер
модулінің қақпағын ашыңыз. Ол үшін оны
қақпақтың алдыңғы жағында орналасқан
бекіткіштен тартыңыз (I1-сурет) және қақпақты
шешіңіз.
Бірінші поролон сүзгішті шығарыңыз
(I2-сурет).
Шығарыңыз және қажет болса, төменгі HEPA-
сүзгішті ауыстырыңыз (I3-сурет).
Егер сүзгіштер бітелген болса, онда оны
жаңасына ауыстырыңыз немесе оларды ағын
сумен жуып, бөлме температурасы кезінде
толық құрғатып алыңыз.
Таза сүзгіштерді кері жүйелілік бойын-
ша қайтадан орнына қойып, оның қақпағын
жабыңыз.
Ескертпе: шаңсорғышқа тек толық кептірілген
сүзгіштерді ғана орнатыңыз.
Сүзгіштерді шаңсорғышқа орнатқан кезде,
олардың дұрыс жүйелілігін сақтаңыз.
Іске қосатын сүзгіштердің қақпағын бекіту үшін
қақпақтың артқы бөлігіндегі бекіткіштердің
шығыңқы жерлерін шаңсорғыш корпусының
негізіндегі тиісті ойықтармен бекітіңіз. Арты-
нан іске қосатын сүзгіштер модулінің қақпағын
бекіткіш шырт еткенге дейін басыңыз (I4-сурет).
Шығыс сүзгіш
Шығыс сүзгіштер ауа шығатын пластик тордың
ішкі жағынан бекітілген, ол шаңсорғыштың
артқы бөлігінде тасымалдауға арналған
қолсаптың астындағы дөңгелектердің арасын-
да орналасқан. Торды шешу үшін бекіткіштің
тілшігін басыңыз және оны шаңсорғыш кор-
пусынан басталатын бағытта тартыңыз
(J1-сурет).
Жоғарғы және төмені борпылдақ сүзгіштерді
шығарыңыз (J2-сурет). Егер олар бітеліп
қалған болса, онда таза ағын суда жуып, бөлме
температурасында толық кептіру керек. Керек
болған кезде, жаңасына ауыстырыңыз.
Таза жән кептірілген сүзгіштерді пластик
тордың негізіне орнатыңыз.
Ескертпе: шаңсорғышқа тек толық кептірілген
сүзгіштерді ғана орнатыңыз.
Сүзгіштері бар ауа шығатын пластик торды
шаңсорғыш корпусының оң жағындағы тиісті
ойықтарға орнатыңыз. Бекіткіш тілінің тиісті
шертпесі шыққанға дейін торға шаңсорғыш
бағытына қарай басыңыз (J3-сурет).
САҚТАУ
Шаңсорғышты және оның бөлшектерін құрғақ,
балалардың қолы жетпейтін жерде бөлме тем-
пературасы кезінде сақтаңыз.
Назар аударыңыз: Жиналмалы ыдыстан (4)
үнемі кір суды төгіп тастау керек. Тазалайтын
ерітіндіні немесе суды ары қарай қолдану үшін
ыдыста (18) қалдыруға болады, бірақ 10 күннен
асып кетпеуі керек. Шаңсорғышты сақтауға
қоярдың алдында барлық сүзгіштерін міндетті
түрде жуып, кептіру керек.
Типтік ақаулықтар және оларды жою жолдары
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Сұйықтық
шашу сапасыз
жұмыс істейді
немесе мүлдем
істемейді
Ылғалды тазалау тәртібі қосылмаған Батырманы (17) басу арқылы ылғалды
тазалау тәртібін қосыңыз
Ыдысқа (18) су құйылмаған немесе
бос
Ыдысты (18) «Ылғалды тазалау
тәртібі», «Сұйықтыққа арналған
ыдысқа тазалайтын құралды толтыру»
бөлімдерінде берілген нұсқауларға сәйкес
толтырыңыз
Ыдыс (18) шаңсорғышқа дұрыс емес
орнатылған
Ыдысты (18) шығарып, оны дұрыстап
орнатыңыз

Related product manuals