12
басталады, осы ретте дисплейде (6) судың ағымдағы
температурасы көрсетіледі, сонымен қатар сіз Warm
температурасын ұстап тұру, қосу/өшіру түймелерінің
жарығын, сондай-ақ таңдалған қыздыру температура-
сына байланысты 70, 80, немесе 90 °С түймелерінің
жарықтарын көресіз.
– Су таңдалған температураға дейін қызған кезде, сіз қос
дыбыстық белгі естисіз, дисплейде (6) судың белгіленген
температурасы көрсетіледі, қыздыру процесі тоқтайды,
және біраз уақыттан кейін (~25 сек.) дисплейдегі
көрсеткіштер өшеді, шайнек күту режиміне өтеді.
– Суды қыздыру процесінде шайнекті қосу/өшіру
түймесін басу арқылы өшіруге болады, осы ретте
сенсорлық түймелердің жарығы (7) қосылады және дис-
плейде (6) шайнектегі судың ағымдағы температурасы
көрсетіледі.
Суды қыздырудың пайдаланушы режимі
– Бұл шайнек суды 40-тан 100 °С-қа дейін, 5 °С қадаммен
қыздыруға мүмкіндік береді.
– Түймені басу арқылы, қажетті қыздыру темпе-
ратурасын таңдау үшін шайнекті қосыңыз, сонда сіз
дыбыстық белгі естисіз, сенсорлық түймелердің жарығы
(7) қосылады.
– Пайдаланушы режимін белсендіру үшін батырманы «+»
немесе «-» басыңыз, осы ретте дисплейде (6) қыздыру
температурасының төменгі шегі – 40 °С көрсетіледі.
– Түймелердің «+» немесе «-» көмегімен қалаған
температураңызды 40-тан 100 °С-қа дейінгі аралықта
орнатыңыз, қадамы 5 °С. Бірнеше секундтан кейін
қыздыру процессі басталады, осы ретте дисплейде (6)
ағымдағы судың температурасы көрсетіледі, сіз де темпе-
ратураны ұстап тұру Warm түймелерінің жарығын «+»/«-
», және қосу/өшіру түймелерінің жарығы қосылады .
– Су белгіленген температураға дейін қызған кезде, сіз қос
дыбыстық белгі естисіз, дисплейде (6) судың белгіленген
температурасы көрсетіледі, қыздыру процесі тоқтайды
және біраз уақыттан кейін (~25 сек.) дисплейдегі
көрсеткіштер өшеді, шайнек күту режиміне өтеді.
– Суды қыздыру процесінде шайнекті қосу/өшіру
түймесін басу арқылы өшіруге болады, осы ретте
сенсорлық түймелердің жарығы (7) қосылады және дис-
плейде (6) шайнектегі судың ағымдағы температурасы
көрсетіледі.
Су температурасын сақтау функциясы /
жады функциясы
– Бұл шайнек суды қыздырудың барлық режимдері үшін
температураны ұстап тұру функциясын және шайнекті
түпқоймадан көтеру санын есте сақтау функциясын
жүзеге асырады.
– Егер сіз температураны ұстап тұру режимін қосқыңыз
келсе, онда суды қайнату немесе қыздыру кезінде Warm
батырмасын басыңыз, осы ретте Warm батырмасының
жарығы жыпылықтай бастайды. Қайнағаннан кейін,
немесе суды белгіленген температураға дейін
қыздырғаннан кейін, сіз қысқа дыбыстық белгі естисіз,
осы ретте дисплейде (6) судың белгіленген темпера-
турасы көрсетіледі, Warm түймесінің жарығы тұрақты
жана бастайды, қыздыру процесі тоқтайды және шайнек
температураны ұстап тұру режиміне өтеді. Шайнектегі
судың температурасы белгіленген деңгейден 5 °С-қа
төмендеген кезде, шайнек қыздыру режиміне өтіп оты-
рады. Қыздыру қосылған кезде Warm түймесінің жарығы
жыпылықтай бастайды.
Температураны ұстап тұру режимінде дисплейде (6) үнемі
шайнектегі судың ағымдағы температурасы, сондай-ақ
суды қыздырудың таңдалған режиміне сәйкес басқару
түймелерінің жарығы көрсетіледі.
– Температураны сақтау режимін өшіргіңіз келсе, Warm
түймесін басыңыз.
Ескертпе: Температураны ұстап тұру режимі 2 сағат
бойы белсенді, содан кейін шайнек күту режиміне өтеді.
– Температураны ұстап тұру режимінде автоматты түрде
шайнекті түпқоймадан көтеру санын есте сақтау функ-
циясы іске қосылады, осы ретте суды қыздырудың
таңдалған режимі сақталады.
Ескертпе: Есте сақтау функциясы егер шайнек
түпқоймадан алынуы 10 реттен аспаса ғана, сол рет-
те су температурасы белгіленген мәннен 8 °С-тан аса
төмендеуге үлгермесе ғана сақталады.
Қызып кетуден қорғаныс
Егер суы жоқ шайнекті абайсызда қосып қалсаңыз немесе су
деңгейі минималды белгіден төмен болса, онда автоматты
термосақтандырғыш іске қосылады, осы ретте шайнек ажы-
ратылады. Бұл жағдайда шайнекті тұғырынан (8) алып, оны
10-15 минут көлемінде суытыңыз, содан кейін шайнекке су
толтырып, қосыңыз, аспап қалыпты жағдайда жұмыс істейтін
болады.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
– Тазарту алдында құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз, суды құйып алыңыз да, шайнекті суы-
тып қойыңыз.
– Шәйнектің сыртқы беткейін дымқыл матамен немесе
губкамен сүртіңіз. Кірін кетіру үшін жұмсақ тазарту
құралдарын пайдаланыңыз, металл қылшықтар және
абразивты тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
– Шайнек пен түпқойманы суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз, шайнек пен түпқойманы су
ағынының астында жууға болмайды.
– Шайнекті ыдыс-аяқ жуатын машинаға салмаңыз.
Қақты кетіру
– Шайнектің ішінде түзілетін қақ, судың дәмдік сапасына
әсер етеді, сондай-ақ су мен қыздырғыш элементтің
арасындағы жылу алмасуды бұзады.
– Қақты тазалау үшін шәйнекке суды шамамен 75% тол-
тырып, суды қайнатыңыз. Колбаның қалған төрттен
бір бөлігін сірке суы ерітіндісімен (6-9%) толты-
рып, сұйықтықты түні бойы (шамамен 8 сағатқа)
қалдырыңыз. Таңертең шәйнектегі сірке суы ерітіндісін
төгіп тастап, колбаны бірнеше рет шайыңыз. Шайнекті
бір немесе екі рет кәдімгі сумен толтырып қайнатыңыз,
осылай сірке суының және оның исінің қалдықтарын
шайнегіңізден кетіресіз.
– Қажет болғанда тазарту рәсімін қайталаңыз.
– Қақты жою үшін электр шәйнектерге арналған арнайы
құралдарды пайдалануға болады.
– Шәйнекті үнемі қақтан тазалап отырыңыз.
Назар аударыңыз! Қақты тазаламаудың нәтижесінен
пайда болған құралдың бұзылуына немесе жаңылысуға
кепілдік таралмайды.
САҚТАЛУЫ
– Құрылғыны ұзақ уақыт бойы сақтауға алып қоймас
бұрын, оны электр желіден ажыратыңыз, суын төгіңіз
және құрылғыны суытып қойыңыз.
– Шайнекті тазалауды жүргізіңіз.