EasyManua.ls Logo

3M Protecta Cabloc - Page 238

3M Protecta Cabloc
260 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
238
АЛҒЫСӨЗ
Бұл пайдалану нұсқаулығында Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесін және Cabloc
ажыратылатын арқан муфтасын
пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету сипатталады. Оны CE талабы бойынша қызметкерлерді оқыту
бағдарламасының бір бөлігі ретінде пайдалану керек және оны жабдықпен бірге ұстау керек.
Орнатушылар осы жүйемен бірге пайдаланылатын қауіпсіздік жабдығына арналған өндіруші нұсқауларын оқулары
және орындаулары керек.
Осы жабдықты орнату алдында осы жабдықты тиісті пайдалану, тексеру және техникалық қызмет көрсету үшін осы
нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өнім мақсатты елден тыс қайта сатылса, сатушы бұл нұсқаулықты өнім пайдаланылатын елдің тілінде қамтамасыз
етуі керек.
Бұл жабдықты пайдалану алдында орнату және қызмет көрсету жапсырмасындағы өнімнің идентификациялық
ақпаратын тауып, «Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналы» ішіне жазып қойыңыз.
Құлаудан кейін муфтаны және жүйені тексеру керек. Муфтада энергия сіңіргіш/құлау индикаторы орналастырылған
болса (15-сурет, 2-мысал), муфтаны пайдаланудан шығару керек. Саты арқанында кез келген кесілген жерлер немесе
түйіндер болса, пайдалану алдында арқанды білікті тұлға тексеруі керек.
ГЛОССАРИЙ АНЫҚТАМАЛАРЫ
Бұл нұсқаулықтың алдыңғы мұқабасындағы нөмірленген глоссарий анықтамалары келесі заттарға сілтеме жасайды:
1
Пайдаланушы нұсқаулығы.
6
Қатты анкерлік жолақ, соның ішінде ажыратылатын арқан
муфтасы, жүйе пайдаланушыларының ең көп саны.
2
Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйелері
7
Құралдарды және жабдықты қоспағанда, ең аз
пайдаланушы салмағы болып 40 кг (88 фунт) және
құралдарды және жабдықты қоса ең көп пайдаланушы
салмағы болып 140 кг (310 фунт) табылады.
3
Стандарттар.
8
Пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
4
CE сынағын орындаған өкілетті органның нөмірі.
9
Ескерту таңбасы.
5
Осы жеке қорғаныс жабдығын өндіруді тексеретін
өкілетті органның нөмірі.
1.0 ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 МАҚСАТЫ: Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйелері (1-сурет) бекітілген сатыларға шыққанда немесе ұқсас
құрылымдарға шыққанда
жұмысшыны қорғауға арналған.
Cabloc
ажыратылатын арқан муфтасы (1 және 2 суреттері)
Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесіне жалғанады. Муфта бекітілген сатыға шығу кезінде құлаған жағдайда
жұмысшының құлауын тоқтатуға арналған. Cabloc
ажыратылатын арқан муфтасы материалмен жұмыс істеу үшін
пайдалануға арналмаған. Тек көзделген мақсатына сай пайдаланыңыз.
Осы нұсқаулықта қамтылған Cabloc ажыратылатын арқан муфтасы үлгілері:
Бөлшек нөмірі Стандарт Сипаттама
6180200 CE (EN353-1:2014+A1:2017) ZP карабині бар Cabloc ажыратылатын арқан муфтасы
6180201 CE (EN353-1:2014+A1:2017) SS карабині бар Cabloc ажыратылатын арқан муфтасы
Cabloc ажыратылатын арқан муфтасы пайдаланылатын Cabloc жүйелері:
Жүйе нұсқаулығының нөмірі Жүйе түрі Жүйе сипаттамасы
5903940 Тік Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесі
Cabloc тік арқандық қауіпсіздік жүйесі Құрамдастар, 1-сурет
A Жоғарғы кронштейн D Арқан бағыттағышы G Алдыңғы D тәрізді сақина
B Арқан E Жүйе затбелгісі H Толық сақтандырғыш белдік
C Арқан муфтасы F Төменгі кронштейн
Cabloc ажыратылатын арқан муфтасының құрамдастары, 2-сурет i» бұл муфтаның артқы жағы, «ii» бұл
муфтаның алдыңғы жағы)
A
Арқан (құрамдас емес)
D Тұтқа/энергия сіңіргіш/
құлау индикаторы
G Босату істігі J Карабин
B
Инверсияға қарсы
жұдырықша
E Муфта корпусы, алды H Жоғарғы жүгіргіш K Идентификациялық
жапсырма
C
Муфта корпусының
артқы жағы
F Алдыңғы жапсырма I Осы жағын
ЖОҒАРЫ ҚАРАТЫП
көрсеткісі
Cabloc ажыратылатын арқан муфтасымен бірге пайдалануға мақұлданған арқан түрлері
KK

Other manuals for 3M Protecta Cabloc

Related product manuals