EasyManua.ls Logo

ARG CSD-09QD - Page 2

Default Icon
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Осы нұсқаулық тек анықтамалық мақсаттары үшін ғана ұсынылады,
өтінеміз, осы нұсқаулықты ауа баптағыштың берілген моделі үшін ғана
қолданыңыз. Өндіруші алдын ала ескертусіз өнімдер туралы ақпаратқа
қосымша деректер және түзетулерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ЕСКЕРТУ: Осы ауа баптағышты қолдану кезінде, өрттің
пайда болуы, электр тоғының соғуы , жарақат немесе оқыс
қазаға ұшырау тәуекелдерін кеміту үшін келесідей
қарапайым сақтық шараларын сақтанған дұрыс.
1. Ауа баптағыш дұрыс электрлік розеткасына немесе дұрыс жалғанған сөндіргішіне
қосылуы тиіс. Көрсетілген қуаттың мөлшерінде ғана қолдануға рұқсат етілген.
2. Электрлік тоғының соғуы және өрттің пайда болу тәуекелдерін кеміту
мақсаттарында дұрыс жерге тұйықталуды қамтамасыз ету қажет.
ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАЛАТЫН ҚАДАЛАРДЫ АЖЫРАТУҒА НЕМЕСЕ ЖЫЛЖЫТУҒА
БОЛМАЙДЫ. Егер, Сізде үш қадалы ашаға арналған розетка немесе электрлік
сөндіргіш болмаса, онда розетка немесе сөндіргішті дұрыс орнату үшін маманның
көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс. Розетка немесе сөндіргіш жерге дұрыс тұйықталуы ТИІС.
3. Кабель тозып кеткен немесе басқа бір әдіспен бұзылған болса, оны
ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Сонымен қатар, кабельдің, ашаның немесе қосқыштың өзінде сызат
немесе бұзылу байқалса, кабельді қолдануға болмайды.
4. ЖАЛҒАҒЫШ ТЕТІГІН НЕМЕСЕ ҰЗАРТҚЫШТЫ ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
5. Перделер, шымылдықтар, қорғаныс төсемдері, бұталар көмегімен ауа баптағышты
сыртынан немесе оның ішіндегі ауа ағысын ЖАППАҢЫЗ.
6. Жарақаттай алатын және ауыр жарақат төндіре алатын құрылғының алдыңғы
және артқы жармасындағы өткір ұштарымен абайлаңыздар.
7. Ауа баптағышты орнату немесе қайта монтаждау үшін оны көтеру кезінде сақ
болыңыз. Ол үшін екі адам қажет.
8. Ауа баптағышқа техникалық қызмет көрсету немесе оны жылжыту алдында, оның
электр қуатын әрқашан сөндіріп отырыңыз.
9. Кейбір модельдерде қуат баусымына келетіндей ашасы болмайды, осы жағдайда,
сәйкес келетін сөндіргіші желілік баусымына қосылуы тиіс, солайша, істікшеге іске қосу
жөніндегі нұсқаудың бөлігі берілген модельдер үшін қолданылмауы мүмкін.
10. Барлық полюстерінде 3 мм кем болмайтын түйіспелер арасындағы саңылауы
бар, бүкіл полюстерді сөндірудің ауыстырып қосқышы қатты ажыратқышқа қосылуы
қажет.
11. Құрылғы монтаждың ұлттық ережелеріне сәйкес орнатылуы тиіс.
12. Берілген құрылғы физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген
тұлғалармен (балаларды қоса алғанда) немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты
адамның бақылауында болмаса, тәжірибесіз адамдармен қолдануға арналмаған.
Құрылғымен ойнауды болдырмау үшін, балаларды бақылау керек.