〖Нұсқаулық〗
ОРНАТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
⚫ Осы ауа баптағыш шығарушы мемлекеттің барлық стандарттарына сәйкес.
⚫ Ауа баптағышты орнату немесе қайта монтаждау үшін маманды немесе сервистік агентін
шақыртыңыз. Біліктілігі жоқ тұлға ауа баптағышты орнататын болса ақаулар пайда болуы
мүмкін және Сіз зардап шегетін боласыз.
⚫ Пайдаланушы кернеудің көрсетілген параметрлеріне сәйкес құрылғыны қосып отыруы тиіс.
Электр қуаты кернеуінің нақты параметрлерімен танысу үшін ауа баптағыштың паспорттағы
анықтамасына жүгінуіңізді өтінеміз. Рұқсат етілгенінен тыс мөлшердегі кернеу ауа баптағыштың
қалыпты жұмысына ықпал ететін болады.
⚫ Ауа баптағыш үшін сақтандырғышты ұстап қалу қорғанысы бар қуаттың жеке тармағын
қолданған жөн, немесе жеке ажыратып қосқышы/сөндіргішін пайдалану керек.
⚫ Ауа баптағыш жерге дұрыс әрі сенімді тұйықталуы тиіс, себебі, дұрыс емес жерге тұйықталу
электр тоғының соғуына әкеп соғуы ықтимал.
⚫ Ауа баптағышты оны қосу, түтік пен сымдарының дұрыс жалғануларын тексеру алдында
қоспаңыз.
⚫ Құрылғы кір жуу немесе ванна бөлмесінде орнатылмауы тиіс.
⚫ Қажет болған жағдайда, электр қуат жабдықтаушысынан кеңес алыңыз.
⚫ Аша құрылғыны орнатқаннан кейін қол жетімділік аймағында болуы қажет.
⚫ Өндіруші алдын ала ескертусіз өнімдер туралы ақпаратқа қосымша мәліметтер мен түзетулерді
енгізу құқығын өз артында қалдырады.
〖Қосымша жабдықты орнату〗
⚫ Қосымша жабдықтың тізімін мұқият оқып шығыңыз және барлық жабдықтың болуын тексеріңіз.
⚫ Ауа баптағышты орнатуға қажетті, бірақ, жиынтығында жоқ бөлшектерді пайдаланушы өз
есебінен сатып алу ықтималдығы бар.
〖Ішкі блоктың орналасуы〗
⚫ Жылу немесе бу көзінен, жанатын газ ағып кетуінен
немесе түтіннен.
⚫ Ауа үшін кіру немесе шығу саңылау қасында кедергі
болмау керек, жақсы желдетуді сақтаңыз.
⚫ Судың жақсы айналымы болуы қажет.
⚫ Сымсыз құрылғылар (теледидар, радио және т.б.) ауа
баптағыштан кем дегенде 1 метр аралығында болуы
керек.
⚫ Қабырғадағы тіреу сенімді болуы тиіс, және ауа баптағыштың жұмысы кезінде шу шығармауы
керек.
⚫ Ішкі блок және еден арасындағы қашықтық 2,3 м кем болмауы қажет.
⚫ Аша құрылғыны орнатқаннан кейін қолжетімді аймақта орналасуы керек.
⚫ 1-суретте көрсетілгендей қажетті қашықтықтың сақталғандығына көзіңізді жеткізіңіз.
⚫ Ішкі блоктың кері бөлігі қабырғаға жанасып тұруы тиіс (1-сурет).
⚫ Берілген суреттер сұлбалы болып келеді, себебі олар Сіз таңдаған модельден айрықша болуы
ықтимал.