〖Қолдану жөніндегі нұсқаулық〗
Электр қауіпсіздігі
Жерге тұйықтау: Берілген бөлмелік ауа баптағышы жерге тұйықталуы тиіс.
Жерге тұйықтау электр тоғын өткізуші сым бойымен жүргізу жолымен электр
тоғының соғуы тәуекелін кемітеді. Егер желілік баусымында жерге тұйықталуы
бар ашасы және жерге тұйықталуы қарастырылған кабелі болса, онда оны
дұрыс орнатылған және жерге тұйықталған розеткаға қосыңыз. Егер, қуат
кабелінде жерге тұйықталу сымы бар жерге тұйықталған ашасы болмаса, онда
жерге тұйықталу сымы дұрыс орнатылған және жерге тұйықталған сөндіргішіне
қосылуы қажет.
Ескерту: Жерге тұйықталған аша немесе сөндіргішті дұрыс емес қолдану электр тоғының
соғуына әкеп соғуы мүмкін. Егер Сіз жерге тұйықталу жөніндегі нұсқаулығын
түсінбесеңіз немесе ауа баптағыш жерге дұрыс тұйықталғандығына Сіздің
күмәніңіз бар болса, онда білікті маманды шақыртыңыз. Егер розетка немесе
сөндіргіш жерге тұйықталмаса, оларды тұйықталғандарына ауыстыру үшін
электр маманын шақыртуыңызды өтіне сұраймыз.
Ешбір жағдайда қуат баусымынан үшінші ашаны (жерге тұйықталған)
кесуге немесе жылжытуға болмайды.
Адаптердің ашасы: Біз адаптер (жалғастырғыш тетігін) немесе сөндіргішті
қолданбауды өтіне сұраймыз.
Қолдану жағдайлары
1. Температурасы: мысалы Т1: -7℃~43℃(16℃~43℃ тек қана салқындату кезінде)
мысалы Т3: -7℃~52℃(16℃~52℃ тек қана салқындату кезінде)
Ауа баптағыштың төменгі температурасында ұзақ мерзім бойы жұмысы қызып кетуіне
(суық өнімділігі кемиді) немесе протектордың қосылуына әкеп соғуы мүмкін.
2. Салыстырмалы ылғалдылығы: <80%
Егер ауа баптағыш <80% төмен салыстырмалы ылғалдылығында жұмыс істесе, онда ол
ауа баптағыштың панелі мен сүзгілерінің маңайында конденсаттың қалыптасуын тудыруы
мүмкін. Ол қалыпты.
3. Қыздыру функциясы кезінде әдеттен тыс иіс пайда болуы мүмкін. Ол қалыпты.
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты орындау өте маңызды. Осы
нұсқаулық Сізді өлім мен жарақат алудан құтқара алады. Ескерту
белгілері қауіпті білдіреді және Сізге абай болу керектігін еске түсіреді.
Өлім немесе жарақат алу тәуекелін кеміту үшін нұсқаулықты әрқашан
ұстаныңыз. Ескерту белгілері мен қауіп дабылдары қауіпсіздік жөніндегі
нұсқаулықтардың алдында көрсетілетін болады.