77
Тұз
• Тұз нанға қосымша түс пен дәм береді, бірақ ол
ашытқының өсуін баяулатады.
• Тұзды Тым көп мөлшерде пайдаланбаңыз. Үнемі
ұсақ тұзды пайдаланыңыз (ірі тұз пісірмеге
арналған қалыптың күюге қарсы қабатын бүлдіруі
мүмкін).
Жұмыртқалар
• Жұмыртқа нанның құрылымы мен көлемін жақсар-
тады, дәмін байытады.
• Жұмыртқаны қамырға қосар алдында оларды
мұқият шайқау ұсынылады.
Малдың майы мен өсімдік майлары
• Малдың майы мен өсімдік майлары пісірмені жұм-
сақ етеді және оны сақтаудың мерзімін ұзартады.
• Сары май қоспас бұрын, оны кішкене текшелер-
ге кесіңіз және бөлме температурасына дейін
қыздырыңыз.
Наубайхана ұнтағы мен сода
• Сода мен наубайхана ұнтағы (қопсытқыш) қамыр-
дың көтерілуіне қажет уақытты қысқартады.
• «СУПЕРЖЫЛДАМ 1 және 2» бағдарламасын
пайдаланғанда, қопсытқыш немесе сода пайда-
ланыңыз.
• Соданы алдын-ала лимон қышқылымен және
ұнның шағын мөлшерімен араластыру қажет
(5 г ас содысы, 3 г лимон қышқылы және 12 г
ұн). Ұнтақтың осындай мөлшері (20 г) 500 г ұнға
есептелген.
• Соданы сөндіру үшін сірке суын пайдаланбаңыз,
сірке суын пайдалану нан жұмсағы ылғалдылығын
арттырады және біртектілігін азайтады.
• Наубайхана ұнтағын (қопсытқышты) рецепт бой-
ынша көрсетілгендей қалыпқа жай ғана себіңіз.
Су
• Нан пісіру кезінде судың температурасы маңызды
роль ойнайды.
• Судың оңтайлы температурасы 20-дан 25°С-ге
дейін, «СУПЕРЖЫЛДАМ 1, 2» бағдарламасы үшін
45-тен 50°С-ге дейін.
• Судың орнына сүтті қолдануға болады немесе бі-
раз мөлшерде табиғи шырын қосып нанның дәмін
байытуға болады.
Сүт өнімдері
• Сүт өнімдері нанның дәмі мен қоректендіргіш
құндылығын жақсартады. Нанның жұмсағы көр-
кемдірек болып тәбетті ашатын болады.
• Жаңа сауылған сүт өнімдерін немесе құрғақ сүтті
пайдаланыңыз.
Ингредиенттер салмағы
• Нан дайындаудың маңызды шарттарының бірі,
ингредиенттердің мөлшерін нақты пайдалану
болып табылады.