EasyManua.ls Logo

BRAYER BR4951 - Page 41

BRAYER BR4951
48 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
41
KZ
ЖЕЛДЕТКІШТІ ЖИНАУ
Желдеткіш бөлшектелген негізбен (1) келеді. Жел-
деткішті негізсіз (1) қосуға тыйым салынады.
Негізді (1) құрастыру үшін крест немесе жалпақ
бұрағышты қолданыңыз (жеткізілім жинағына
кірмейді).
Желдеткіш корпусын (3) көлденең орналасты-
рыңыз.
Негізді жинаңыз (1): негіздің (1) жартысын сәйке-
стендіріңіз (сур. 1) және оларды 2 бекіту бұранда-
сымен бекітіңіз (сур. 2).
4 бекіту бұрандасын пайдаланып, негізді (1) кор-
пустың (3) төменгі бөлігіне бекітіңіз (сур. 3).
Желдеткішті негізге (1) тігінен орнатыңыз.
Дистанциондық басқару пульті (23)
Қуаттандыру элементінің ұстағышын (30) дистан-
циондық басқару (23) пультіне салыңыз.
Ескертпе:
- егер қуат элементінің (30) ұстағышында оқшау-
лағыш төсем болса, төсемді шығарып алыңыз;
- қуаттандыру элементін уақытымен ауыстырып
отырыңыз;
- литийлі қуаттандыру элементін қайта зарядта-
уға тыйым салынады;
- егер құрал ұзақ уақыт пайдаланылмайтын
болса, онда қуаттандыру элементін шығарып
қойыңыз;
- пайдаланылған қуаттандыру элементін дистан-
циондық (23) басқару пультінен шығарып, оны
кәдеге асырыңыз.
Қашықтықтан басқару пультін пайдалану кезінде
оны желдеткіш (3) корпусының алдыңғы жағына
бағыттаңыз.
Қашықтықтан басқару пульті мен желдеткіш
аралығындағы қашықтық 5 метр шамасында,
қашықтықтан басқару пультінің жұмыс бұрышы 30
градусқа дейін болуы керек.
Қабылдау элементіне тікелей күн сәулесінің түсуін
болдырмаңыз, себебі бұл жағдайда басқару пәр-
мендерінің жалған қосылуы мүмкін.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Желдеткішті тасымалдау үшін тұтқаны (10) пай-
даланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дистанциондық басқару
пультінде қуаттандыратын литий элементі орна-
тылған. Қауіптілікке жол бермеу үшін балалардың
қуаттандыруу элементімен ойнауына жол бер-
меңіз. Егер бала қуаттандыру элементін жұтып
қойса, дереу дәрігерге жүгініңіз.
Қуаттандыру элементін орнату/ауыстыру (4 сур.)
Бекіткішті басып, қуаттандыру элементінің
ұстағышын (30) дистанциондық басқару (23) пуль-
тінің корпусынан шығарыңыз, қарама-қайшылықты
қатаң сақтап, CR2025 (жеткізілім жинағына кірмей-
ді) қуаттандыру элементін салыңыз.

Related product manuals