16
пературада қосыңыз немесе алғашқы екі-үш кір жуудан соң, иістің өзінен-өзі
кетуін күтіңіз..
КІР ЖУАР АЛДЫНДА
1. Электр желісіне қосыңыз.
2. Сумен толтыру құбыршегі жалғанған кранды ашыңыз.
3. Кірді салыңыз.
4. Есігін мұқият жабыңыз.
5. Жуғыш затты салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер «Предварительная стирка» (Алдын ала жуу) функциясы
қосулы болса, жуғыш заттарды құюға арналған І ұяшық бөлігіне жуғыш затты
салыңыз.
КІР ЖУУ
1. Бағдарламаны таңдаңыз.
2. Қосымша функцияны таңдаңыз немесе барлығын өзгеріссіз қалдырыңыз.
3. Кір жуу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт/Пауза» (Бастау/Кідіру) батыр-
масын басыңыз.
КІРДІ ЖУҒАННАН КЕЙІН
Дыбыстық сигнал және/немесе есікті бұғаттау индикаторы және «Старт/
Пауза» (Бастау/Кідіру) батырмасындағы индикатор немесе батырмалар
үстіндегі екі нүкте (егер модель дисплеймен жабдықталған болса) кір жуғыш
машинаның жұмысының аяқталғанын хабарлайды.
5.1. КИІМДІ ЖУУҒА ДАЙЫНДАУ
Кір жуудың тиімді нәтижесіне қол жеткізу үшін, киімді сұрыптаңыз, содан кейін
оны күтім жасау нұсқаулығы көрсетілген биркасындағы белгілерге сәйкес
дайындаңыз.
СҰРЫПТАУ (Сур. 2)
– Кір жуудың жоғары тиімділігі үшін, кимідерді күтім жасау нұсқаулығына,
материалдар типіне және кір жууға ұсынылатын температураға сәйкес
сұрыптаңыз, оларды барабанның сәйкес айналу жылдамдығында жуыңыз.
– Түрлі маталар түрлі температурада және айналымдарда жуылады.
– Міндетті түрде қара киімдерді ашық және ақ заттардан бөлек қойыңыз.
Оларды бөлек жуыңыз, себебі бояулар мен түктердің араласуынан ақ және
түсті заттар түсін өзгертуі мүмкін. Мүмкіндігінше өте лас заттарды шамалы
ластанған заттармен бірге жумаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
– Ластану (қатты, қарапайым, аз): заттарды ластануы бойынша сұрыптаңыз.
Қатты немесе қарапайым ластанған заттар үшін ұзағырақ және белсендірек
жууды пайдалаңыз. Электр энергиясын үнедеу үшін, аз ластанған киімді
төмен температурада жууға болады.
– Түс (ақ, түсті маталар, қою түсті маталар): Ақ киімді түсті киімнен бөліп
алыңыз. Алдымен жаңа қою түсті киімді немесе түсті киімді жуыңыз.
– Түк (түкті заттар, түк жинайтын заттар): түкті және түк жинайтын заттарды
бөлек жууыңыз.
– Металл элементтері бар киім (мысалы, темір қалыптары бар бюстгальтерлер,
белдіктің айылбастары және металл ілгектер) машинаны бүлдіруі мүмкін.
Кір жуар алдында, металл бөлшектерді алып тастаңыз немесе киімді торлы
қапқа немесе жастық тысқа салыңыз. Сондай-ақ кроссовкалар сияқты
бұйымдар үшін торлы қапта жуу сол бұйымдардың өздерін қорғау үшін
қажет. Торлы қапта ұсақ заттарды жуу ыңғайлы (Сур. 5).
КИІМДІ КҮТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҒЫ БАР БИРКАНЫ ТЕКСЕРУ (Сур. 1)
Белгілер матаның құрамын көрсету және жууға байланысты ұсынымдар үшін
пайдаланылады.
Белгі Жууға байланысты ұсынымдар / маталардың типтері
Қалыпты жуу / Мата, аралас маталар
Күнделікті / Синтетика, аралас маталар
Арнайы ұқыпты жуу / Нәзік маталар
Тек қолмен жуу / Жүн, жібек
Жууға болмайды
ЕСКЕРТПЕ: Белгілер астындағы сызықтар матаның типін және ең жоғары
рұқсат етілген механикалық жүктемені көрсетеді.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАҒА ЖҮКТЕР АЛДЫНДА КИІМДІ ТЕКСЕРУ
– Үлкен және кішкентай заттарды бірге жуыңыз. Алдымен үлкен заттарды
салыңыз.
– Үлкен заттар жартысынан аспауы керек. Заттарды бір-бірлеп жууға бол-
майды. Барабанға теңгерімсіз жүктеме болуы мүмкін. Бір-екі ұқсас нәрсені
қосыңыз.
– Барлық қалталарды тексеріп, олардың бос екеніне көз жеткізіңіз. Шегелер,
шаш қыстырғыштары, сіріңке, қаламдар, монеталар мен кілттер сияқты зат-
тар машинаны да, киімді де бүлдіруі мүмкін. Басқа иімге ілініп қалмас үшін,
ысырмаларды жабыңыз, ілгектерді таңығыз, жіптерді байлаңыз (Сур. 3).
– Дақтарды жууды жеңілдету үшін, суға араластырылған жуғыш заттың аз
мөлшерін дақтың үстіне алдын ала жағыңыз (Сур. 4).
– Перделер (тұтас перделер) барабанға жазылған түрде орналастырылуы ке-
рек. Жуар алдында, олардан бекіткіштерін алып тастаңыз.
– Ысырмаларды бекітіңіз, бос түймелерді тігіңіз, тесіктерді жамаңыз және
жыртықтарды тігіңіз.
– Түсті және ақ кірді бірге жууға болмайды. Жаңа түсті киімнің бояуы көп
шығуы мүмкін. Оны бөлек жуыңыз (Сур. 6).