EasyManua.ls Logo

Dremel 8100 - Page 36

Dremel 8100
48 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
оны ресми түрде тіркелген DREMEL қызмет көрсету
бөлімдерінің біріне қауіпсіздік сынағынан өткізу үшін
апарыңыз
Сымы немесе ашасы зақымдалған зарядтаушы
құралды пайдаланбаңыз; сым мен ашаны
ресми түрде тіркелген DREMEL қызмет көрсету
бөлімдерінің бірінде дереу алмастыру керек
Зақым келген батареяны пайдаланбаңыз; оны дереу
алмастыру керек
Зарядтаушы құралды немесе батареяны
бөлшектемеңіз
Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтаушы
құралмен зарядтауға әрекеттенбеңіз
Рұқсат етілген қоршаған орта температуралары
(құрал/зарядтаушы құрал/батарея):
зарядтау кезінде 0...+45ºC
жұмыс барысында -20...+50ºC
сақтау барысында -20...+50ºC
БАТАРЕЯНЫ ЗАРЯДТАУ
1. Зарядтаушы құралдың сымын өзіңіздің стандартты
розеткаңызға қосыңыз. Батарея енгізілмеген
болса, зарядтаушы құралдың жасыл индикатор
шамы жанады. Бұл, зарядтаушы құрал қуат алып
жатқанын және зарядтаушы құрал жұмыс істеуге
дайын екенін білдіреді.
2. Батареяны құралдан алып тастау үшін батареяны
босату ілмектерінің екеуін де басып және батареяны
құралдан тартып алыңыз.
3. Батареяны зарядтаушы құралына енгізген кезде,
зарядтаушы құралдың жасыл индикатор шамы
“ЖЫПЫЛЫҚТАЙ” бастайды. Ол батареяның тез
заряд алып жатқанын білдіреді.
4. Индикатор шамы “ЖЫПЫЛЫҚТАУДЫ” тоқтатқан
кезде (тұрақты жасыл шам болғанда) тез зарядтау
аяқталады. Батарея толықтай зарядталған және
оны зарядтаушы құралдан алып тастауға болады.
Батарея заряды толық кетпеген болса, шам
жыпылықтауын тезірек тоқтатады.
5. Сіз батареяны зарядтау процесін бастаған кезде,
тұрақты жасыл шам батарея тым ыстық немесе тым
суық екенін де білдіруі мүмкін. Жылдам зарядтауды
батареяның температуралық диапазоны 0°C
және 45°C аралығында болғанда ғана орындауға
болады. Қажет болғанда, зарядтаушы құралдың ішкі
желдеткіші зарядтау процесі мен жылдамдығына
қолдау көрсету үшін қосылады. Батарея дұрыс
температура ауқымына жеткен соң, батарея
зарядтаушы құралы автоматты түрде тез зарядтауға
өтеді.
6. Шам жыпылықтап тұрғанына қарамастан батареяны
пайдалана беруге болады. Температураға
байланысты, шамның жыпылықтауы тоқтау үшін,
ұзақ уақыт кетек болуы мүмкін.
7. Әр зарядтаудан кейінгі жұмыс істеу уақытының
азаюы батареяның қызметтік мерзімі аяқталуға жақын
екенін және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
8. Сақтау кезінде зарядтаушы құралды ажыратуды
ұмытпаңыз.
АКСЕССУАРЛАР
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРМАС БҰРЫН ӘРДАЙЫМ
ҚҰРАЛДЫ ӨШІРІҢІЗ
Dremel арқылы тексерілген, өнімділігі жоғары
аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. Dremel
аксессуарын пайдалану туралы қосымша ақпарат
алу үшін бірге берілген нұсқауларды міндетті түрде
оқыңыз. Аксессуарлардың сынуын және сызат
түсуін болдырмау үшін мұқият қолданып сақтаңыз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ АУЫСТЫРУ
9
A. Цанга гайкасы
B. Цанга (3,2 мм)
C. Алдыңғы қақпақ (EZ Twist біріктірілген бұрауыш
кілті*)
D. Dremel патроны 4486*
E. Білікті құлыптау түймесі
F. Кілт
*) стандартты жинаққа кірмейді
1. Білік құлпының түймесін басып, білік құлыпқа
қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз. Құрал
жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын
кіргізбеңіз.
2. Білік құлпы қосулы кезде, цанга гайкасын босатыңыз
(алып тастамаңыз). Қажет болса, цанганың сомынды
бұрайтын кілтін пайдаланыңыз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпы қосулы кезде, цанга гайкасын бұрап
бекітіңіз.
EZ TWIST БІРІКТІРІЛГЕН БҰРАУЫШ КІЛТІ
Aq
Осы алдыңғы қақпақтың стандартты сомынды бұрайтын
кілтін пайдаланбай, цанга гайкасын босатуға және
бекітуге мүмкіндік беретін біріктірілген сомынды
бұрайтын кілті бар.
1. Алдыңғы қақпақты құралдан босатып, қақпақтың
ішіндегі болат ендірмені цанга гайкасымен
теңестіріңіз.
2. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын босату
үшін алдыңғы қақпақты сағат бағытына қарсы
бұрыңыз. Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік
құлпын кіргізбеңіз.
3. Кескіш немесе аксессуардың артқы ілмегін
толығымен цангаға енгізіңіз.
4. Білік құлпы қосулы күйде цанга гайкасын бекіту үшін
алдыңғы қақпақты сағат бағытымен бұрыңыз.
5. Алдыңғы қақпақты бастапқы орнына қайта бұрыңыз.
DREMEL ПАТРОНЫ 4486
Dremel патроны Dremel құралдарындағы
аксессуарларды цангаларды ауыстырмай жылдам әрі
оңай ауыстыруға мүмкіндік береді. Артқы ілмегі 0,8 -
3,2 мм болатын аксессуарлар сыяды.
Босату үшін алдымен білік құлпының түймесін басып,
білік құлыпқа қосылғанша қолыңызбен айналдырыңыз.
Құрал жұмыс істеп тұрған кезде білік құлпын
кіргізбеңіз.
Білік қосылғанда, патронды босату және қысқыштарды
ашу үшін гайка кілтін немесе EZ Twist алдыңғы қақпағын
пайдаланыңыз.
Патроннан аксессуарды алып тастаңыз. Қажет болса,
жаңа аксессуар қысқыштар арасында орнатылуы үшін,
патронды ары қарай босата беріңіз. Патронның ұшы
мен аксессуар жұмыс бөлігінің басы арасында шамамен
6 мм бос орын болуы үшін, жаңа аксессуарды патрон
ішіне жеткілікті арақашықтықпен енгізіңіз. Білік құлпы
қосылғанда, аксессуарды бекіту үшін патронды EZ Twist
алдыңғы қақпағымен немесе гайка кілтімен бекемдеңіз.
DREMEL ПАТРОНЫН ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Dremel патроны және цанга мен цанга гайкасының
жүйесі осы құралда өзара алмасуы мүмкін. Патрон
аксессуарларды ауыстыру үшін үздік тәжірибе
қамтамасыз етсе, цанга мен цанга гайкасы әсіресе
ауырлау бүйірлік жүктемемен қолдану барысында
аксессуарды дәлме-дәл ұстау шешімін ұсынады.
Егер патронда сырғып жатқан аксессуар табылса,
патронды бұрғы айналасында бекемдеу үшін
жинақта берілген EZ Twist алдыңғы қақпағын немесе
36

Related product manuals