гайка кілтін пайдаланыңыз. Егер сырғу жойылмаса,
цанга мен цанга гайкасын пайдалануға ауысыңыз.
• Патронның қысқыштары ауытқып кетіп, аксессуардың
дұрыс және концентрлік режимде жұмыс істемеуіне
(шығып кетуіне) әкеп соғуы мүмкін.
Қысқыштарды қалпына келтіру үшін, келесі
процедураны орындаңыз:
1. Патроннан аксессуарды алып тастаңыз.
2. Патронды тазалаңыз.
3. Білік құлпының түймесін басып, қысқыштар
патронның сыртқы бетінен шамамен 3 мм-ге
шыққанша патронды бекемдеңіз.
4. Қысқыштардың барлығы білік бойынша орныққанына
сенімді болу үшін, патронның ұшын қатты тегіс
бетке басыңыз.
5. Қысқыштар толық жабылғанша патронды қолмен
бекемдей беріңіз.
6. Патронды босатыңыз да, тік аксессуарды қайта
енгізіңіз.
7. Құралды қолмен бұрап, шығып тұрған жерлердің
бар-жоғын тексеріңіз. Егер шығып кеткені анық
байқалса, процедураны қайталап шығыңыз.
8. Білік құлпы қосылғанда, аксессуарды бекіту
үшін патронды EZ Twist алдыңғы қақпағымен
немесе гайка кілтімен бекемдеңіз.
9. Құралды ең төмен жылдамдық параметріне
бұрап қойыңыз да, шығып кетпеуін қадағалаңыз.
Егер шығып кеткені анық байқалса, процедураны
қайталамас бұрын аксессуардың тік күйінде екенін
тексеріңіз.
АКСЕССУАРЛАРДЫ ТЕҢЕСТІРУ
Дәлдеп өңдеу үшін барлық аксессуарлар теңестірілген
болуы маңызды (автокөліктегі шиналар сияқты).
Аксессуарды реттеу немесе теңестіру үшін цанга
гайкасын ақырын босатып, аксессуар немесе цанганы
1/4 айналымға бұрыңыз. Цанга гайкасын қайта бекітіп,
айналмалы құралды іске қосыңыз.
Аксессуар теңестіріліп жұмыс істеп жатқанын дыбыс
және сезу арқылы айта алатындай болу керек. Үздік
тепе-теңдікке жеткенше осы күйде реттеуді жалғастыра
беріңіз.
ТІРКЕМЕЛЕР
Dremel өнімін құралдың функционалдығын арттыруға
арналған келесі тіркемелермен жабдықтауға болады:
• Икемді білік *) мұқият жұмыс немесе қол жеткізу
қиын жерлер үшін (225 - 5-6 беттер).
• Шаң және ұшқындардан қорғануға арналған
ыңғайлы қорғауыш тіркемесі (550 - 7-бет)
• Әртүрлі материалдарда реттелетін кесуге арналған
әмбебап кесу жинағы (565/566 - 8-бет)
• Қабырға мен еденнің плиткалары арасындағы сұйық
ерітіндіні тазалауға арналған қабырға және еденнің
сұйық ерітіндісін тазалау жинағы (568 - 9-бет)
• Тік бұрышта қол жеткізу қиын жерлерде
аксессуарларды пайдалануға арналған тік бұрыш
тіркемесі (575 - 10-бет)
• Дәл 90° және 45° бұрыштарда тегістеу және құммен
тегістеуге арналған пішіндеу платформасы (576 -
11-бет)
• Құралды жақсы басқаруға арналған техник-
жобалаушы қысқышы (577 - 11-бет)
• Оңтайлы бұрышпен оңай әрі жылдам қайрауға
арналған көгал шапқыш және бау-бақша құралы
(675 - 12-бет)
• Дәл саңылаулар тесу және түзу етіп кесуге арналған
сызық және шеңбер кескіш (678 - 13-бет)
• “EZ SpeedClic” аксессуарларын бекітуге арналған
“EZ SpeedClic” білігі (14-бет)
*) Жаңа әрі икемді білікті бірінші рет пайдаланған
кезде, оны жоғары жылдамдықта жұмыс істеп тұрған
құралмен бірге тік күйінде екі минуттай ұстап
тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жоғарыда берілген тіркемелердің барлығы
дерлік құралмен/жинақпен бірге стандартты түрде
қамтылмайды
ПАЙДАЛАНУ
ЖҰМЫСҚА КІРІСУ
Көп функциялы құралды пайдалану бойынша бірінші
қадам - оны “сезу”. Қолыңызда ұстап, оның салмағы
мен тепе-теңдігін сезініңіз. Корпус конусын сезініңіз.
Бұл конус құралға қалам немесе қарындаш сияқты
ұсталуына мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ! Құрал жоғары жылдамдықта қалай жұмыс
істейтінін көру үшін алдымен материал қиындыларында
қолданып көріңіз. Дұрыс Dremel аксессуары және
тіркемесімен бірге жылдамдыққа жұмысты сіз үшін
жасауға мүмкіндік беру арқылы көп функциялы құрал
жақсы жұмыс істейтінін есте сақтаңыз. Құралды
пайдаланған кезде мүмкіндігінше қысым түсірмеуге
тырысыңыз. Мұның орнына айналмалы аксессуарды
жұмыс бетіне ақырындап төмендетіңіз де, бастағыңыз
келетін жерге тиюіне мүмкіндік беріңіз. Жұмыс үстінде
қолыңызбен жай ғана қысу арқылы құралды бағыттауға
зейін қойыңыз. Аксессуарға жұмысты жасауына
мүмкіндік беріңіз.
Бүкіл жұмысты бір рет өтіп жасағанға қарағанда
құралмен бірнеше рет өткен дұрыс. Ақырын тигенде
жақсы басқара аласыз және қате жасау мүмкіндігі
азаяды.
ҚҰРАЛДЫ ҰСТАУ
Әрқашан құралды бетіңізден алшақ ұстаңыз.
Аксессуарларды өңдеген кезде зақымдалуы және
жылдамдыққа жеткендіктен ұшып кетуі мүмкін.
Құралды ұстаған кезде, желдету саңылауларын
қолыңызбен жаппаңыз. Желдету саңылауларын
жапқан кезде мотор қатты қызып кетуі мүмкін.
Жақын жұмыста жақсы басқару үшін көп функциялы
құралды қарындаш сияқты бас және сұқ сауғағыңызбен
ұстаңыз.
Aa
“Гольф” ұстау әдісі тегістеу немесе кесу сияқты ауыр
жұмыстар үшін пайдаланылады.
As
ҚОСУ/ӨШІРУ
Мотор корпусының жоғарғы жағында орналасқан
қосқышты сырғыту арқылы құрал “ҚОСУЛЫ” күйіне
сырғытылады.
ҚҰРАЛДЫ “ҚОСУЛЫ” КҮЙІНЕ ОРНАТУ ҮШІН, қосқыш
түймесін алға қарай сырғытыңыз.
ҚҰРАЛДЫ “ӨШІРУЛІ” КҮЙІНЕ ОРНАТУ ҮШІН, қосқыш
түймесін артқа қарай сырғытыңыз.
ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚЫЛАУ
Құрал жоғары айналу моментінің басталуынан пайда
болатын қысымдарды кеміту арқылы “бірқалыпты іске
қосу” мүмкіндігімен қамтамасыз ететін ішкі электронды
бақылау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар жүйе
мотордың және батареяның максималды өнімділігін
тежеу жағдайлар (“Тежеуден қорғау” бөлімін қараңыз)
орын алғанда құралдың кернеуін төмендету арқылы
қамтамасыз етеді. Бұндай жағдайларда мотор және
батарея, мотордың кернеуін төмендету арқылы
қорғалады.
37