TM-U295/U295P Пайдаланушы нұсқаулықтары 65
Қазақ тілі
7. 4-суретте көрсетілгендей
ленталы кассетаны принтерге
жайлап салыңыз. Лента дәл
қайда кіруі керектігін байқаңыз.
8. Әр жағы шырт етіп орнына
түскенше ленталы картридждың
оң жағын, содан кейін сол жағын
қатты басыңыз.
9. Қақпақты принте
рг
е қайта
орнату үшін алдымен сол жағын
қақпаққа туралаңыз; содан кейін
жоғарғы жағындағы ілмекті
салыңыз; содан кейін орнына
шырт етіп түскенше төменгі жағын басыңыз (
2-суретті қараңыз).
Қағазды салу
Ескертпе:
Мыжылған немесе оралған қағазды пайдаланбаңыз. Техникалық
сипаттамаларға сай қағаз орамын пайдаланыңыз.
1. Принтерде ленталы кассета орнатылғанын тексеріңіз.
2. Принтерді қосы
ңыз. ҚУАТ жарығы жанады.
3. RELEASE (БОСАТУ) түймесін басы
ңыз. БОСАТУ жарығы жанып, принтердің
босату режимінде екенін көрсетеді. Бұл режимде қағазды салуға және
алуға болады.
4. Қағазды
5-суретте
көрсетілгендей пішін тоқтатқыш
тоқтатқанша алдынан немесе
бүйірінен салыңыз. Қағазды
қаншалықты салуды бағалау үшін
принтердің бүйіріндегі белгілерді
пайдаланыңыз.
5. ҚАҒАЗ БІТТІ жарығын тексеріңіз.
Қағазды дұрыс салғанда ҚАҒАЗ
БІТТІ жарығы өшеді. Егер ҚАҒАЗ
БІТТІ жарығы әлі қосулы болса, қағазды алып, қайта салыңыз.