EasyManuals Logo

Hilti SFD 2-A User Manual

Hilti SFD 2-A
272 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #177 background imageLoading...
Page #177 background image
*2248872*
2248872 Қазақ 173
дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит
тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан
алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар
жарылыс тудыруы мүмкін.
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және
аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешқашан пайдалану
бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура
ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін
арттыруы мүмкін.
Қызмет
Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді
қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр
құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз етеді.
Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет
көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2 Бұрауыштар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Бұранда жасырын электр сымдарын зақымдауы мүмкін
жұмыстарды жүргізгенде электр құралын оқшауланған тұтқа
беттерінен ұстаңыз. Бұранда кернеу астындағы электр сымдарына
тиген жағдайда аспаптың металл бөліктері электр тогының
өткізгіштеріне айналып, электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.3 Қауіпсіздік бойынша қосымша нұсқаулар, гайка бұрауыш
Адамдардың қауіпсіздігі
Өнімді тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Аспапта ешқашан бейімдеу не өзгерту жұмыстарын орындамаңыз.
Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты
басқаруды жоғалту жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Әрқашан аспапты екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты
құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
Аспапты қолданған кезде арнайы қорғаныс көзілдірігін, қорғаныс
шлемін, құлаққап, қорғаныс қолғап пен жеңіл респиратор тағып
жүріңіз.
Printed: 05.07.2019 | Doc-Nr: PUB / 5501914 / 000 / 00

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti SFD 2-A and is the answer not in the manual?

Hilti SFD 2-A Specifications

General IconGeneral
BrandHilti
ModelSFD 2-A
CategoryDrill
LanguageEnglish

Related product manuals