EasyManua.ls Logo

Kärcher K 7 Smart Control - Құрылғыдағы Белгілер; Қоршаған Ортаны Қорғау; Бұйымды Мақсатына Сəйкес Қолдану; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер

Kärcher K 7 Smart Control
208 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
186 Қазақша
Құрылғыдағы белгілер
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы
таңбамен
белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар
туындайтын жұмыстарды (мысалы,
қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы
бар жуу алаңдарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кəрізге
бұрылатын герметикалық жұмыс алаңдарында
ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды
су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Кейбір елдерде
қоғамдық су қоймаларынан су
алуға тыйым салынады.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына
арналған қысымда ғана пайдалаңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды,
тасымалдау құралдарын, құрылымдарды,
құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша
жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен
тазалауға арналған.
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта максималды комплектациядағы
құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім
комплектациясында айырмашылықтар болады
(Қаптаманы қараңыз).
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
Сурет B
1 Тұтқасы бар тұғыр
2 Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар
жалғағыш
3 Көліктің дөңгелегі
4 Шланг бағыттағышы
5 «0/OFF» / «I/ON» ажыратқышы
6 Хранение лучевых трубок
7 Жоғары тегеурінді құбыршек
8 *Plug ‘n’ Clean жуғыш зат бөтелкесі
9 Жоғары қысымды пистолетті сақтау/тұрақ орны
10 3 бүрку түрі бар 3-in1 Multi Jet бүріккіш түтігі (
Smart Control жүйесі-тарауды да қараңыз)
11 Smart Control жоғары қысымды пистолеті
12 LCD дисплейі ( СКД дисплейі-тарауды да
қараңыз)
13 Аккумулятор бөлімінің құлпы
14 Аккумулятор бөлімі
15 Қысымды реттеуге арналған «+/-» түймелері
16 Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
17 Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді
пистолеттен ажырату батырмасы
18 Жоғары қысымды пистолет тұтқасы
19 Тасымалдауға арналған сап, суырмалы
20 Жылжытуға арналған сап
21 Шланг ұстағышы
22 Жоғары қысымды құбыршек катушкасы
23 Шланг катушкасына арналған қол тұтқасы
24 Зауыт тақтайшасы
25 Аксессуар бөлімі
26 Торды бекітуге арналған ілмек
27 Аксессуарлар бөліміне арналған тор
28 Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш
кабель
29 Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы
30 ** Бақша шлангісі (матамен нығайтылған,
диаметрікемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы
кемінде 7,5 м, стандартты жылдам
байланыстыратын жалғағышпен)
31 **Ашық ыдыстардан су жіберуге арналған
KÄRCHER сорғыш шлангі (тапсырыс нөмірі
2.643-100.0)
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу
желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.

Table of Contents

Related product manuals