4
KK
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, тоқ
соғу, зақымдау немесе адамды күйдіру қауіпінің алдын
алу үшін мыналарды қоса негізгі қауіпсіздік шараларын
қолданыңыз:
Үйдегі балалар
Бұл құрылғы физикалық мүмкіндігі мен ақыл-есі шектеулі
немесе құрылғыға қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдарды
(балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам
қадағаламаған кезде немесе құрылғыны пайдалануға қатысты
нұсқаулар берілмеген кезде пайдалануға арналмаған.
Балалардың құрылғымен ойнамауы қадағалануы қажет.
Орнату
•Ауа кондиционерін тұрақсыз бетке немесе құлап кету қаупі бар
жерге орнатпаңыз.
•Ауа кондиционерін орнатқан немесе орнын ауыстырған кезде
өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•Басқару құралының панелі мен қақпағын қауіпсіз орынға
орнатыңыз.
•Ауа кондиционерін тұтанғыш сұйықтар немесе бензин, пропан,
бояу еріткіш сияқты заттар сақталған жерге орнатпаңыз.
•Ауа кондиционерін орнату кезінде ішкі және сыртқы
құрылғыларды жалғайтын түтік пен қуат кабелінің қатты
тартылып қалмауын тексеріңіз.
•Ауа кондиционерінің жұмыс режиміне сәйкес келетін
стандартты ажыратқыш пен сақтандырғышты пайдаланыңыз.
•Жүйеге арнайы мұздатқыш агенттен басқа ауа немесе газ
жібермеңіз.
•Агенттің ағуын және ауаның шығуын тексеру үшін тұтанбайтын
газды (нитроген) пайдаланыңыз; қысылған ауаны пайдалану
немесе тұтанғыш газ өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін.