EasyManua.ls Logo

Moulinex CE5A0F32 - Page 54

Moulinex CE5A0F32
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
54
ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
1. КҮТУ РЕЖИМІ
Қуат көзіне қосқанда жүйе өздігінен тексеру үрдісін бастайды, дыбыс сигналы
беріліп, сандық экран мен барлық көрсеткіштер жанады. 1 секундтан кейін
экранда «----» таңбасы көрсетіледі, бұл күту режимі.
2. ЖҰМЫС РЕЖИМІ
1. Күту режимінде қай функцияны таңдасаңыз да 13, сол функцияның көрсеткіші
жыпылықтай бастайды. «Рагу» және «буға пісіру» функциялары үшін “көкөніс”,
“балық” “ет/бұршақ тұқымдас” тағам түрлері берілген. Функцияны таңдағаннан
кейін «тағам түрін
таңдау» пернесін басып, қажетті тамақты таңдауыңызға болады (қажетті пісіру
функциясы мен тағам түрі таңдалған соң, сәйкес функцияның көрсеткіші мен
тағам көрсеткіші жанады).
Басқа функциялар таңдалмаса не “жылы күйінде сақтау/өшіру” түймесі
басылмаса, 5 секундтан кейін сәйкес көрсеткіш жыпылықтауын тоқтатып,
алдын ала жылыту басталады.
2. Реттелген пісіру температурасы, уақыты, кешіктіріп қосу уақыты, қақпағының
дұрыс орнатылуы, температура өзгерісінің аралығы және әр функцияның псіру
уақытының параметрлері төменде көрсетілген.
3. Қысымды бағдарлама аяқталғаннан кейін жылы ұстау режимі болады,
дисплей «0» санын көрсетеді, дыбыстық сигнал шығады және мультиәзірлегіш
жылы ұстау режиміне ауысады («Йогурт» және «Мультиаспаз» режимдерін
қоспағанда), экранда «00:00» таңбасы пайда болып, температура 65°C пен75°C
аралығында сақталады.
Күту режимінен «жылы күйінде сақтау/өшіру» пернесін бассаңыз, құрал жылы
сақтау жұмысын бастайды, сандық экранда «00:00» таңбасы көрсетіледі және
ішкі температура 65°C пен 75°C аралығында болады.
24 сағаттан кейін жылы ұстау қыздыру функциясы автоматты түрде өшеді және
мультиәзірлегіш күту режиміне өтеді.

Related product manuals