95KK
Ылғалдандырудыдайындау
1 Су ыдысын тартып алыңыз ( j-сур.).
2 Су науасын жоғары көтеріп,
көлденеңінен сыртқа тартыңыз
( k-сур.).
3 NanoCloud айналмалы ылғалдандыру
тампонының барлық бума материалын
алып тастаңыз ( l-сур.).
Ескертпе
• Ылғалдандыру тампоны сатып
алу кезінде тампон дөңгелегіне
монтаждалады.
4 Тампон дөңгелегін тампон тірегіне
салыңыз ( m-сур.).
Ескертпе
• Тампон дөңгелегін тампон тірегіне
салу кезінде тампон дөңгелегіндегі
проекциялар тиісті ойықтарда жатқанын
тексеріңіз.
5 Су ыдысын құрылғыға салыңыз ( n-сур.).
6 Босату үшін су ыдысы қақпағын сағат
тіліне қарсы бұраңыз ( o-сур.).
7 Су ыдысына салқын ағын су құйыңыз
( p-сур.).
8 Су ыдысына берік құлыптау үшін
үстіңгі қақпақты сағат тілімен бұраңыз
( q-сур.).
9 Су науасын құрылғыға салыңыз ( r-сур.).
Wi-Fiжелісінеқосылу
Wi-Fiқосылымынбіріншірет
теңшеу
1 Келесіні жүктеп, орнатыңыз:
Clean Home+ қолданбасын App Store
немесе Google Play дүкенінен.
2 Ауа тазартқыштың қуат сымын электрлік
розеткаға қосыңыз да, ауа тазартқышты
қосу үшін
түймесіне тиіңіз.
» Wi-Fi индикаторы бірінші
рет қызғылт-сары түспен
жыпылықтайды.
3 Сіздің смартфоныңыз немесе
планшетіңіз Wi-Fi желісіне қосылғанын
тексеріңіз.
4 Clean Home+ қолданбасын іске қосыңыз
және «Жаңақұрылғынықосу» түймесін
басыңыз немесе экранның жоғарғы
жағындағы «+» түймесін басыңыз. Ауа
тазартқышты желіге қосу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
5 Wi-Fi индикаторы ойдағыдай
жұптасып, қосылғаннан кейін ақ болып
жанады. Жұптастыра алмаған жағдайда,
ақаулардың диагностикасы бойынша
қосымша және өзекті кеңестер алу үшін
Clean Home+ қолданбасында ақауларды
іздеу және жою бөлімін немесе
анықтама бөлімін қараңыз.